Адам тұла бойындағы өзінің ерекшеліктерін танып-біле бастағанда, тағдырын өз пайдасына бұрып, биік жетістіктерге жете алады. Ендеше жоғары күштер сізге қандай қабілет сыйлады? Әрбір зодиак белгісінің ерекше рухани күші неде?
Тоқты – Ырғақ
Тоқты көп жағынан мықты тұлға. Бірақ оның рухани қуаты — импульсивтілігінде. Барлығы аяқ тартып тұрған жерге Тоқты бірінші болып аяқ басады. Басқалар жасай алмайтын нәрсені ол еш ойланбастан орындайды. Мұндай белгі иелері жаңалықтан, жеңістерден немесе күшті эмоциялардан қуат алады. Ал мұның бәрі – олардың батыл әрекеттерінің арқасы.
Торпақ – Жақсылық
Торпақ біреуге ешқандай қайтарым күтпей көмек көрсеткенде, жан тыныштығына жетіп, рухани күші артады. Ең қызығы – Торпақтың жасаған әрбір жақсылығы тек өзіне емес, көмектескен адамына да сәттілік алып келеді.
Егіздер – Білім
Егіздердің жаңа білімге, танымға деген тоқтаусыз ұмтылысы олардың рухани қуатын арттырады. Бұл біліммен басқалармен бөліссе — тіпті күшейе түседі. Алайда Егіздер алған ақпаратты сүзгіден өткізе білуі керек, себебі жағымсыз дүниелер олардың денсаулығына тез әсер етеді.
Шаян – Эмоция
Шаяндар екі күйде болады: не тым үнсіз, не барша әлем еститіндей айқайлай алады. Олардың басты міндеті — эмоцияны тепе-теңдікте ұстап, оны өз қаруына айналдыру. Әсіресе, жағымсыз сезімдермен күрескенде бұл қасиет аса маңызды.
Арыстан – Қорғау
Арыстандар туғаннан бастап өте күшті био-өріске ие. Олар эгоизмнен арылып, әлсіздерді қорғауға көшкен кезде ғана шынайы рухани күшке ие болады. Олардың миссиясы – қамқор болу мен қолдау көрсету.

Фото: Shutterstock.com. Автор: KieferPix
Бикеш – Минимализм
Бикештер үйіндегі әр затқа өз энергиясын сіңіреді. Энергия тым көп болғанда, рухани әлсіздік байқалады. Сондықтан Бикештің күші – минимализмде. Неғұрлым зат аз болса, соғұрлым рухани қуаты артады.
Таразы – Ритуалдар
Таразы үшін бір істі қайта-қайта қайталау – үлкен рухани күштің көзі. Бірақ олар тұрақсыздық пен үнемі шешім қабылдауға тырысудан шаршап қалады. Сондықтан медитация, рухани тәжірибелер секілді нәрселерде тұрақтылықты сақтау – олардың басты міндеті.
Сарышаян – Тепе-теңдік
Сарышаяндар терең әрі қуатты эмоцияларға бейім. Бірақ оларды тепе-теңдікте ұстап тұру – басты шарт. Әйтпесе рухани қуат сарқылады. Бұл белгі иелері өз ресурстарын дұрыс жұмсап, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуы қажет.

Фото: Shutterstock.com. Автор: Microgen
Мерген – Эмоцияны басқару
Мергендер эмоцияларын жақсы басқарады, сыртқы негативке бой алдырмайды және өз ойын ашық айтады. Олар барлық сезімді іште жинақтап, оны алға ұмтылуға түрткі ретінде пайдалана алады — бұл олардың басты артықшылығы.
Тауешкі – Табиғат
Тауешкілердің рухани күші табиғатпен үйлесімді қарым-қатынаста жатыр. Олар өз энергиясын қалпына келтіру үшін тауға немесе өзен жағасына барып, жалғыздықта бола алады. Табиғаттың тылсым күшін сезіну — олардың басты миссиясы.
Суқұйғыш – Шипа беру
Суқұйғыштар — жүрегі жұмсақ, өзгелердің жанын түсінетін жандар. Олар адамдардың жанын емдеу қабілетіне ие. Бірақ бар нәрсенің өлшемі бар. Рухани ресурсты тауысып алмау үшін, шекара белгілеп үйрену маңызды.
Балықтар – Өз-өзіңмен болу
Әр зодиак белгісі ерекше күшке ие, ал Балықтар үшін бұл — өз ішкі әлемін танып-білу. Бұл оңай емес, бірақ рухани тәжірибелер арқылы өзіңді терең тануға тырыссаңыз, шексіз мүмкіндіктер мен шабыттың қайнарын таба аласыз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Shutterstock.com. Автор: Jacob Lund