Сәуір айына арналған сән жұлдыз-жорамалы
Фото. Spotlight

Сәуір айына арналған сән жұлдыз-жорамалы

01 апреля 2026

Астрологтардың айтуынша, сәуір айы энергетикалық тұрғыдан өте қуатты кезең болмақ. Мұны есту жағымды, өйткені кейде барлық жоспар мен істі жүзеге асыруға күш жетпей жатады. Мамандар осы кезеңде барлық зодиак белгілеріне маңызды шешімдерді асықпай қабылдауды, оның орнына жоспар құруға назар аударуды ұсынады. Белсенді әрекетке көшу үшін айдың соңғы аптасы ең қолайлы уақыт болмақ. Біздің сәуір айына арналған сән жұлдыз-жорамалымыз сыртқы келбет пен ішкі күйдің арасындағы үйлесімді сақтауға көмектесетін образдарды ұсынады. Толығырақ Harper’s BAZAAR Kazakhstan материалынан оқи аласыз.

Тоқты

Тоқтылар, дәл қазір сіздер көпшіліктің назар ортасындасыздар — және бұл жағдай ай бойы жалғасады. Мұның себебі тек кейбір Тоқтылардың сәуірде туған күнін атап өтуінде ғана емес. Сіздің көңіл күйіңіз, энергияңыз бен харизмаңыз адамдарды өзіне тартады. Бұл әсерді күшейту үшін гардеробыңызға өзіңізді күшті әрі сенімді сезінетін әдемі көйлек қосыңыз.

Модный гороскоп на апрель для всех знаков зодиака
Polo Ralph Lauren

Торпақ

Торпақтар үшін өз жеке жылыңызға қорытынды жасайтын кезең келді. Зодиак шеңберінде келесі кезек сіздерге тиесілі болғандықтан, дәл қазір шулы кештер мен артық әбігерден аулақ болған жөн. Сабырлылық — сіздің ең сенімді серігіңіз. Ал оны үйден артық қай жерден табуға болады? Сондықтан жайлы үй киімі немесе жаңа пижама дәл қазір өте қажет.

Модный гороскоп на апрель для всех знаков зодиака
Sleeper

Егіздер

Сіздің ашық мінезіңіз бен адамдармен оңай тіл табысу қабілетіңіз көптеген мүмкіндіктердің есігін ашады. Сәуір айында да бұл қасиетіңіз сізге пайдасын тигізеді. Жұмыс бірінші орынға шығып, кәсіби салада табыс күтіп тұр. Егер кеңсе образдарыңызды жаңартқыңыз келсе, оған бірнеше жаңа деталь қосыңыз. Мысалы, аласа өкшелі сәнді туфли мен стильді сөмке.

Шаян

Шаяндарды да іскерлік салада табысты кезең күтіп тұр. Жұмыста жауапкершілікті өз мойныңызға алудан және қаржылық мәселелерді басқарудан қорықпаңыз — бұл сізге тек пайда әкеледі. Стресстен мүмкіндігінше аулақ болуға тырысыңыз, өйткені ол өнімділігіңізге тікелей әсер етеді. Үйдегі медитация немесе йога ішкі тепе-теңдікті табуға көмектеседі. Ал егер мұндай тәсілдер ұнамаса, бассейнге барыңыз: кәсіби жүзумен айналыспасаңыз да, нәтижесін сезесіз.

Модный гороскоп на апрель для всех знаков зодиака
ERES

Арыстан

Арыстандарға жаңа купальник сатып алуға тура келеді, өйткені алда сапарлар күтіп тұр — мүмкін, жылы елдерге де барасыз. Курорттық романстардың болуы да ықтимал, сондықтан сақ болған жөн. Саяхат кезінде денсаулығыңызды бақылауды ұмытпаңыз. Күннен қорғайтын сәнді қалпақ пен стильді көзілдірік те артық болмайды.

Бикеш

Сәуір айына арналған сән жұлдыз жорамалы Бикештерге алда үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын ескертеді. Бұл трансформация кезеңі оңай болмауы мүмкін, бірақ дәл қазір ол сіз үшін өте маңызды. Бір мәселеге қайта-қайта оралмау үшін өзіңізбен шынайы болыңыз. Гардеробыңыздан жаңа образ таңдаңыз — ол аса батыл немесе ерекше болмауы мүмкін, бастысы сізге ұнауы.

Таразы

Қазір сіз үшін серіктестік бірінші орында. Бұл тек сүйікті адамыңызбен ғана емес, әріптестер мен достармен де байланысты болуы мүмкін. Жалғыз жүрген Таразылар сәуірде өз екінші жартысын кездестіруі ықтимал, сондықтан айналаңызға назар аударуды ұмытпаңыз. Ыңғайлы әрі романтикалық образдар өзіңізді сенімді сезінуге көмектеседі.

Сарышаян

Серіктеспен қарым-қатынас жақсы өрбиді, әсіресе тұрмыстық мәселелерді бірге шешсеңіздер. Жалғыз Сарышаяндардың өмірінде де романтика пайда болуы мүмкін — тағдырлы кездесулер орын алуы ықтимал. Дегенмен қазір басты назар аудару керек нәрсе — денсаулық. Жаттығуға уақыт немесе күш болмаса да, күнделікті серуен міндетті әдетке айналуы тиіс. Бұл жаңа кроссовка киюге тамаша себеп.

Модный гороскоп на апрель для всех знаков зодиака
Nike

Мерген

Мергендер үшін алда шығармашылыққа, махаббатқа және өмірдің ләззатын сезінуге толы ай күтіп тұр. Мұндай көңіл күй гардероб таңдауыңызға да әсер етуі мүмкін. Сәндік тәжірибелерге шабыт беретін образды байқап көріңіз: жеңіл желетке мен кроше техникасымен тоқылған белдемше — ерекше әрі стильді үйлесім.

Тауешкі

Қазір сіз үшін үй — нағыз қамал. Тауешкілер бар күшін үйін жайлы әрі әдемі етуге жұмсағысы келеді. Бұл шығармашылық әрі жеке процесс, сондықтан уақыт пен ойды талап етеді. Үйдегі жаттығулар да дәл осы кезеңде пайдалы болады. Бақытымызға орай, сізде оған лайықты спорттық киім жиынтығы бар.

Суқұйғыш

Жаңа таныстықтар, кездесулер мен жиындар сізге ерекше қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар жаңа табыс көзінің пайда болуы да мүмкін. Табыс кейде бас айналдырып жіберуі ықтимал, сондықтан уақытылы үзіліс жасап, өзіңізбен оңаша қалуды ұмытпаңыз. Таза ауада ыңғайлы шалбар мен жылы кофты киіп серуендеу тыныштық пен қанағат сезімін сыйлайды.

Балықтар

Сәуір айына арналған сән жұлдыз жорамалы Балықтарға махаббатқа толы кезеңді уәде етеді. Бұл міндетті түрде романтикалық сезім болмауы мүмкін. Өзіңізге деген жақсы қарым-қатынас — өміріңіздің маңызды бөлігі. Қаржылық жағдай да жақсаруы ықтимал. Сондықтан көптен бері армандаған әдемі аяқ киімді сатып алыңыз. Мысалы, спорттық стильдегі сәнді балеткалар.

Модный гороскоп на апрель для всех знаков зодиака
PUMA

Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше