Наурыз айына арналған бьюти саладағы жұлдыз-жорамал
Фото. Spotlight

Наурыз айына арналған бьюти саладағы жұлдыз-жорамал

03 марта 2026

Біздің наурыз айына арналған бьюти-гороскопымыз, дәстүр бойынша, күтім жасауға қолайлы күндер мен әр белгіге сай келетін косметикалық өнімдер туралы баяндайды. Көктем — сыртқы да, ішкі де өзгерістер уақыты. Сондықтан дәл қазір өз қалауыңызға назар аударып, үйреншікті дүниелерге жаңа қырынан қараған жөн.

Астрологтар шаш қиюға ең қолайлы күндер ретінде 2, 3, 6, 10, 11, 16, 23, 24, 26–30 наурызды атайды. Ал 21–24 және 26–29 наурыз аралығында батыл өзгерістерге баруға болады. 4, 7, 8, 12, 13, 20, 22, 24, 26–29 наурыз — косметикалық процедуралар үшін сәтті күндер. 17, 18, 19 наурыз — маникюр мен педикюрге қолайлы. Депиляция немесе эпиляцияға 2, 5, 6, 10, 11, 13, 14, 16 наурызда жазылған дұрыс, ал 7–20 наурыз аралығында беттегі артық түктерді сенімді түрде алдыруға болады. Ал енді әр зодиак белгісіне арналған жұлдыз-жорамалды бірге қарастырайық.

Тоқты

Тоқтылар үшін жаңа бастамалар тақырыбы қазір өте өзекті. Өміріңізді түбегейлі өзгертуге деген ниет тууы мүмкін. Бұл — жақсы серпін, бірақ әр қадамды мұқият ойластырған жөн. Бастаманы ерекше хош иістен бастаңыз — ол сіздің тосын қырларыңызды аша түседі.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
Zielinski & Rozen

Торпақ

Жақын арада Торпақтар өмірлік басымдықтарын қайта қарауы ықтимал. Ішкі тепе-теңдікті сақтау маңызды. Хош иісті душ майын таңдап, күнделікті күтімді босаңсытатын рәсімге айналдырыңыз. Денеге арналған өнім теріні қалпына келтіріп, жүйке жүйесін тыныштандырады.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
Elemis

Егіздер

Наурыздағы басты мақсатыңыз — жаңа байланыстар орнату. Бұл серіктестікке де, достыққа да қатысты болуы мүмкін. Барлығы шынайы күлкіден басталады. Жеңіл реңкті, ұзақ сақталатын қызыл далап немесе балғын румяна жүзіңізге сергектік беріп, тартымдылығыңызды арттырады. Мысалы, Chanel топтамасынан лайықты өнім табуға болады.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
Chanel

Шаян

Алдағы уақытта жоспарларды жүзеге асыру басты назарда болады. Жұлдыздар батыл әрекет етуге кеңес береді. Иә, бұл көп күш пен уақытты талап етеді, бірақ нәтиже соған тұрарлық. Көпфункционалды крем терінің саулығын, серпімділігі мен жарқылын сақтауға көмектеседі.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
d'Alba

Арыстан

Өмірлік көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Шекараны кеңейтіп, жаңа адамдармен танысып, өзіңізді көрсетуге деген құлшыныс артады. Көз макияжын жетілдіруге тамаша мүмкіндік — себебі дәл көздеріңіз жан дүниеңіздің айнасына айналады.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
Byredo

Бикеш

Бикештерді де өзгерістер күтіп тұр. Қазір оған дайын болмасаңыз да, трансформация сізді жақсы нәтижеге жеткізеді. Кішкентай қадамнан бастаңыз. Наурыз айының бьюти-гороскопы шашқа арналған тиімді маска тауып, бұрымдарыңыздың жарқырауын қалпына келтіруге кеңес береді.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
Sisley

Таразы

Таразылар үшін қарым-қатынастар — іскерлік те, романтикалық та, достық та — басты орында. Ойыңызды анық жеткізуді үйрену маңызды. Ерінге арналған ылғалдандырғыш бальзамдар ерніңізді жұмсақ әрі тегіс сақтап, өзіңізге деген сенімді арттырады.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
Clarins

Сарышаян

Дипломатия — сіздің мықты қырыңыз. Сенімділігіңіз жеткілікті, алайда әсеріңізді күшейту үшін хош иіс таңдауға болады. Жаңа парфюм алудың қажеті жоқ — ылғалдандырғыш дене кремі сүйікті иісіңіздің шлейфін тереңдете түседі.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
Valmont

Мерген

Қазір романтикалық қатынастар маңызды рөл атқарады. Егер қарым-қатынаста болсаңыз, ол жаңа деңгейге көтеріледі, ал бойдақ болсаңыз — тағдырлы кездесу болуы ықтимал. Қалай болғанда да, жаңа далап артық етпейді.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
Rabanne

Тауешкі

Тауешкілерге түп-тамырына оралу ұсынылады. Үй, жайлылық және жақындармен маңызды әңгімелер алдыңғы орынға шығады. Өзіңізбен байланыс орнатудың бір жолы — сүйікті күтім рәсімдеріңіз. Үй жағдайында жасалатын бетке арналған маскалар курсы қалай?

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
MZ SKIN

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін белсенді шешімдер кезеңі басталды. Маңызды таныстықтар іскерлік не романтикалық жалғасын табуы мүмкін. Әрекет ету уақыты келді. Ал тағдырлы шешімдер қабылдап жүргенде, қолыңызға нәр беретін қоректік крем күтім жасасын.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
L'OCCITANE

Балықтар

Ай басы сәл мұң мен енжарлықпен басталуы мүмкін, бірақ бұл уақытша. Кейін энергияңыз артып, жоспарларыңызды жүзеге асыруға күш табасыз. Есіңізде болсын: ішкі күйзеліс теріге тікелей әсер етеді. С дәрумені бар сарысу теріні сау әрі жарқын етуге көмектеседі.

Бьюти-гороскоп на март для всех знаков зодиака
111SKIN

Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше