2026 жылғы алғашқы тұтылу дәлізі 17 ақпаннан 3 наурызға дейін созылмақ. Астрологтар мамандары бұл кезеңді кернеулі әрі ықтимал тәуекелі жоғары уақыт деп санайды: тұтылулардың энергиясы көбіне жасырын мәселелерді ашып, оқиғаларды азырақ болжамды етеді. Әр зодиак белгісін не күтіп тұр? Толығырақ төмендегі тұтылу дәлізіне арналған жұлдыз-жорамалда айтып береміз.
Тоқты
Дәл осы кезеңде өміріңізге келетіннің қадірін тануға тура келеді. Көп дүниені өзінен‑өзі болатындай қабылдауға үйреніп қалдыңыз, бірақ қазір жай ғана «рақмет» жеткіліксіз болуы мүмкін. Тағдыр сізге мүмкіндіктер мен көмекті өзге адамдар арқылы жібереді — оған шын ниетпен алғыс білдіру маңызды. Тағы бір маңызды жайт: өткенді қоя беріңіз. Бұл — бәріне қатысты: ескі қатынастарға да, мансаптағы көңіл қалуларға да, әлі күнге дейін артқа тартатын ыңғайсыз естеліктерге де.
Торпақ
Енді бәріне бірдей шүбәсіз сенуді доғаратын уақыт келді. Адамдарға көмектесуге, жүрегіңізді ашуға бейімділік — тамаша қасиет, бірақ оны бәрі бірдей бағалай бермейді. Шынайы жылылығыңызға кім лайық екенін айыра біліңіз. Дегенмен тұйықталып, табиғи мейірімділігіңізді жоғалтпаңыз. Ренішті іште жинамай, сізді не жаралайтынын айтуға толық құқығыңыз бар.
Егіздер
Соңғы уақыт оңай болмады, бірақ енді өткергеннен сабақ алу маңызды. Шынымен құндыны айқындап, сенімді әрі сабырлы түрде алға жүріңіз. Бейнебір өзіңізді де, қалауларыңызды да тым ұзақ тежеп келдіңіз. Енді ішкі тірегіңізді табатын шақ туды — сол сізді ақыры биіктерге жақындатады.
Шаян
Шаяндар не қалайтынын, қайда ұмтылатынын анық біледі, бірақ әр жолы қорқынышқа жол беріп, тоқтап қалады. Ойланыңыз: жоспарыңызды жүзеге асырмай қалу қаупіне қарамастан, сол күйі тұра беруге дайынсыз ба? Бәлкім, дәл қазір батылдық жинап, алға қадам жасайтын уақыт келген шығар.
Арыстан
Өзгерістерге дайын болыңыз. Бұл тұтылу дәлізі сіз ойлағандай ауыр өтпеуі мүмкін. Неліктен екені белгісіз, бірақ бір нәрсе анық: осы кезеңде өзіңізді мығым әрі қуатты сезінесіз. Нық қимылдаңыз, алайда қауіп‑қатерді есептен шығармаңыз. Қазір болып жатқанның жауапкершілігі толықтай өз қолыңызда.
Бикеш
Ойыңыз идеяға толы, шабыт өзі‑ақ алға жетелейді — осы энергияны игілікке жұмсаңыз, нәтижесі көп күттірмейді. Дегенмен бұл кезең мүлде бұлтсыз өтпейді. Қаржылық қиындықтар болуы ықтимал, сондықтан шығынға мұқият қарап, аяқасты сатып алудан аулақ болған жөн.
Таразы
Өткен тақырыпты әзірге біржола жабуға ерте — ол әлі өз жайын еске салып, аяқталмаған істерді бітіруді не берілген уәделерді орындауды талап етеді. Бірақ бұл жоспар құруға кедергі емес. Жеке өмірде әзірше өзіңізге және сезімдеріңізге көбірек көңіл бөліңіз. Қазір жаңа қарым‑қатынастар эмоциялық тұрғыдан ауыр тиюі мүмкін, сондықтан аптықпай ашылыңыз.
Сарышаян
Өзіңіздің жасырын қырларыңызбен бетпе‑бет келесіз. Көптен бері көзге ілмеуге тырысып жүрген сезімдер мен қасиеттер үстіге шығуы мүмкін. Әсіресе қызғаныш, сыни көзқарас және өзгелерге қатысты ішкі кернеу туралы айтылады. Бұларды басып‑жаныштағаннан гөрі, олардың қайдан туатынын, ар жағында шын мәнінде не жатқанын түсінуге тырысыңыз. Қазір сыртқы тыныштықты сақтауға тырысудан гөрі өзіңізбен адал болу маңызды.
Мерген
Сізде де құпияның ашылар шағы басталады, ал назар тікелей сырлар мен айтылмай қалған жайттарға ауады. Бұрын жасырып келген нәрселер аяқасты әшкере болуы мүмкін. Бұған қарсы тұру мәнсіз — ақиқат бәрібір жол тауып көрінеді. Әсіресе тұтылу кезеңінде, өткен істердің салдары мен карма тақырыбы айрықша мәнге ие болғанда.
Тауешкі
Жеке шекараңызды қорғауды үйрену маңызды. Мұны өзіңіз жасамасаңыз, айналаңыздағы адамдар оны мәжбүрлеп үйретуі мүмкін — әрі аса жайлы жолмен емес. Қарапайым қағиданы есте сақтаңыз: бас тарту ақталуды қажет етпейді. Әр шешіміңізді түсіндіруге міндетті емессіз. Кейде «жоқ» — жай ғана «жоқ», сол жеткілікті.
Суқұйғыш
Бұл кезең жұмысқа, мақсаттарға және өз сенімдеріңізге деген көзқарасты қайта қарауға мәжбүрлейтін жағдайлар әкелуі мүмкін. Жеке салада сынақтар болуы ықтимал, алайда солардың өзі өзіңізді жақсырақ түсінуге және қарым‑қатынасты нығайтуға көмектеседі. Денсаулыққа қамқор болып, жеке шекараңызға мұқият қарауды ұмытпаңыз — бұл ішкі тепе‑теңдікті сақтауға жәрдемдеседі.
Балықтар
Алда сынақтар мен маңызды қорытындылар кезеңі тұр. Мақсаттарға қарай қозғалыс баяулағанын не шектеулерге тап болғаныңызды сезінуіңіз мүмкін. Бұл уақытты жоспарларды қайта бағамдауға және ішкі жұмысты күшейтуге пайдаланыңыз. Кәсіби салада күтпеген бұрылыстар, ал жеке өмірде болашақ пен қатынастардың дамуы жайлы салмақты ойлар болуы ықтимал. Ең бастысы — сабыр сақтап, оқиғаларды жеделдетпеу.
Тұтылу дәлізі кезінде не істеген жөн?
- Ескі жанжалдарды реттеп, оларды аяқтау.
- Зиян келтіріп, титықтататын қарым‑қатынастарды тоқтату.
- Үйде жалпы тазалық жасау.
- Қажетсіз заттардан арылып, кеңістік босату.
- Толыққанды демалыс пен қалпына келуге уақыт табу.
- Ескі жараларды — физикалық та, эмоциялық та — емдеу.
- Стресті нақты ненің туғызатынын түсініп, мүмкіндігінше сол факторды жою.
- Өз эмоцияларыңызды мұқият бақылап, талдау.
- Қарыздарды жабу және қаржыңызды ретке келтіру.
- Кірістер мен шығыстарды есепке алу.
- Көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.
- Қаражат жинауды бастап, қаржылық қауіпсіздік жастығын қалыптастыру.
Бұл кезеңде неден аулақ болған дұрыс?
- Жақындармен жанжалдар мен айқай‑шулы сөзталастар.
- Өсек‑аяң мен өзгелерді артынан талқылау.
- Кек алуға ұмтылу не ашуға еріп әрекет ету.
- Ағзаның дабыл белгілерін елемеу.
- Асығыс, ойланбай жасалатын шығындар мен қаржылық тәуекелдер.
- Ірі сатып алулар мен ауқымды инвестициялар.
- Шын мәнінде мұқтаж жандарға көмектен бас тарту.
- Қарызға алу мен қарызға беру.
- Некеге қатысты немесе өзге де тағдыршешті қадамдар жөніндегі асығыс шешімдер.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.