Барлық зодиак белгілері үшін ақпан айына арналған сән жұлдыз-жорамалы
Фото. Spotlight

Барлық зодиак белгілері үшін ақпан айына арналған сән жұлдыз-жорамалы

02 февраля 2026

Уақыт зырғып өтіп жатыр: кеше ғана Жаңа жылға дайындалып жүргендей едік, ал бүгінде қыстың соңғы айы да келіп жетті. Астрологтар алдағы төрт апта күтпеген оқиғаларға толы болуы мүмкін екенін ескертеді — әрі жағымды, әрі жағымсыз мағынада. Дегенмен, бұған шамадан тыс мән берудің қажеті жоқ. Оның орнына өз қолыңыздан келетін дүниелерге назар аударыңыз. Ал Harper’s BAZAAR Kazakhstan әзірлеген ақпан айына арналған сән жұлдыз жорамалы сәттілік тарту жолында сізге серік болатын киімдер мен образдарды ұсынады.

Тоқты

Бұл ай мазмұнды әрі қарбалас болмақ. Күтпеген жағдайлар жиілеп, тағдырдың тосын сыйларына сабырмен қарауды үйретеді. Ақпанның ортасында жаңару кезеңі басталады. Бұл — тек ішкі емес, сыртқы өзгерістерге де дайын болудың таптырмас сәті. Ерекше, тосын образ дәл қазір өте орынды.

Торпақ

Торпақтар үшін жұмыс көбейеді. Тіпті мансаптық өсімге мүмкіндік тууы әбден мүмкін — егер өзіңізге сенсеңіз, оны жіберіп алмаңыз. Өзгеріске деген құлшыныс та оянады: жаңа шаш үлгісі, жөндеу жұмыстары немесе стиль ауыстыру. Бұрын киіп көруге батпаған әдемі әрі өзгеше көйлектен бастаңыз. Ескі кілттер жаңа есіктерді ашпайды.

Модный гороскоп на февраль для всех знаков зодиака
Magda Butrym

Егіздер

Қазір сізде бәріне жететін күш-қуат бар. Қосымша жұмыстан қорықпаңыз. Иә, кейде жоспарлар өзгеруі мүмкін, ақпанда мұндай жағдайлар болуы ғажап емес. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ — бәрі жақсылыққа. Өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік артады. Бұл керемет жаңалық, себебі сіз көптен бері өзіңізді сөзсіз таныта алатын ерекше аяқ киім алуды армандап жүрсіз.

Модный гороскоп на февраль для всех знаков зодиака
MM6 Maison Margiela

Шаян

Шаяндар, өзіңізбен барынша шынайы болыңыз. Дәл осы қадам кез келген мәселені жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Ішкі даусыңызды мұқият тыңдауды үйреніп, қалауларыңыздан бас тартпаңыз. Егер сәндегі сөмкені алуды көптен ойлап жүрсеңіз — дәл қазір соның уақыты. Ол аса практикалық болмаса да, сізді бақыттырақ етеді.

Модный гороскоп на февраль для всех знаков зодиака
Jacquemus

Арыстан

Бұл ай Арыстандарға серіктестердің маңызын еске салады. Бұл жеке өмірге де, жұмысқа да, тіпті топтық жаттығуларға да қатысты. Адамдар арасында жиі болып, өз мақтанышыңызды алға тартуға тырыспаңыз: қарым-қатынас орната білу мен ымыраға келу — ең бастысы. Физикалық белсенділікті де ұмытпаңыз. Жаңа спорттық форма дәл қазір өте қажет болады.

Бикеш

Қазір ең маңыздысы — өмір ырғағын ретке келтіру. Бұл ұйқы, тамақтану, жаттығу және хоббиге де қатысты. Сонымен қатар өткен шақ күтпеген жерден қайта оралуы мүмкін. Барлық мәселені біртіндеп шешіңіз. Ал әзірге көптен бері назар аударғыңыз келген дүниеге көңіл бөліңіз. Жанға жайлы шопинг те артық емес. Бір-екі жаңа аксессуар көңіл күйіңізді көтеретіні сөзсіз.

Таразы

Жүрек қалағанымен өмір сүру — дәл қазір сізге сай ұран. Бұл сіздің шығармашылық әлеуетіңізді одан әрі ашады. Бұл киім үлгісіне де қатысты. Кейбір шығармашылық жандар өз қызығушылықтарын сырт келбетімен жасырады, ал сіз олай етпейсіз. Образыңыз сіз туралы бірден-ақ айтып тұрсын.

Сарышаян

Ақпан айындағы сән жұлдыз жорамалы бәрі жоспарлағандай бола бермейтінін ескертеді. Бірақ бұл қол қусырып отыруға себеп емес. Керісінше, өмір кейбір дүниені қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл тәуекелге баруға итермелеуі мүмкін. Алдағы уақытта сүйіктіңіздің арасында түсініспеушіліктер туындауы ықтимал. Сондықтан ашық сөйлесіп, сезімдеріңізбен бөлісіңіз. Мысалы, жаңа аяқ киіміңізді киіп, мейрамханада кешкі ас үстінде.

Модный гороскоп на февраль для всех знаков зодиака
JUDE

Мерген

Мергендер үшін бұл ай жағымды сәттерге толы болмақ. Іссапарлар, жол жүрулер мен үй шаруалары күтіп тұр. Қысқа сапарлар үшін кең әрі ыңғайлы сөмке қажет болады — ол нағыз құтқарушыға айналуы мүмкін. TEAM WANG design бренді дәл осындай сапарға арналған тамаша аксессуарлар ұсынады.

Модный гороскоп на февраль для всех знаков зодиака
TEAM WANG design

Тауешкі

Бұл айда өзіңізге маңызды бір сұраққа жауап беруіңіз керек: сіз шын мәнінде нені қалайсыз? Бұл шешім алдағы үш жылдағы өмір бағытыңызды айқындауы мүмкін, сондықтан ойланып қадам жасаңыз. Бәлкім, өз ойыңызбен оңаша қалған сәт шешуші болар. Серуенге шығыңыз. Жылы күрте мен ыңғайлы аяқ киім міндетті түрде қажет болады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін жаңару кезеңі басталады. Жұмыс ауыстыру, оқуды бастау немесе қоныс аудару — мүмкін болатын өзгерістердің бір парасы ғана. Жалпы, 2026 жыл бұл белгі өкілдері үшін күтпеген бастамаларға толы болатынын меңзеген еді — бәрі сол бағытта өрбіп жатыр. Тәртіп пен жауапкершілік артады, сондықтан бар назарыңыз соған ауады. Кез келген жағдайға сай келетін әмбебап образ таңдаңыз. Бұл маңызды істерге күшіңізді үнемдеуге көмектеседі.

Балықтар

Ақпан айына арналған сән жұлдыз жорамалы әдемі сөздер мен бос уәделерге сене бермеуге кеңес береді. Барлық шешімдер негізді әрі орынды болуы тиіс, сондықтан сабыр сақтаңыз. Қазір байқампаздық пен мұқияттылық ерекше қажет. Ал ыңғайлы әрі сәнді қысқы аяқ киім кез келген жағдайда нық қадам басуыңызға көмектеседі.

Модный гороскоп на февраль для всех знаков зодиака
Prada

Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото: Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше