Апталық жұлдыз-жорамал күрделі бастаманы меңзейді: дүйсенбі мен сейсенбіде эмоциялар шегіне жетіп, кернеу ауада қалың сезілуі мүмкін. Бастау, жұмсартып айтқанда, мінсіз емес. Сондықтан не айтатыныңызға және оны кімге арнап отырғаныңызға мұқият болыңыз: абайсызда шыққан бір ауыз сөз өзіңізге қарсы жұмыс істеуі ықтимал. Ал егер арандатуға ермей, жанжалды өршітпесеңіз, бейсенбіге таяу көңіл күй де, жағдайлар да айтарлықтай жақсарады.
Тоқты
Тоқтыларға мүмкіндік болса, маңызды келіссөздер мен салмақты әңгімелерді аптаның екінші жартысына шегерген дұрыс. Қазір сіз ерекше қызба болып, ымыраға барғыңыз келмейді — бұл жанжалға апарып соғуы мүмкін. Қаржы мәселесі де назар сұрайды: ойланбай жұмсаулар болуы ықтимал. Есесіне жақындармен тілдесудің жылуы шынайы тірек болады — мұны қаперден шығармаңыз.
Торпақ
Торпақтарға жұлдыздар ұсақ-түйекке барынша мұқият болуды ұсынады. Бәрі оңай, түсінікті көрінсе де, артық тексеріс зиян етпейді. Жалпы алғанда, бұл апта қиындықтан гөрі жағымды сәттерге бай болмақ — көп нәрсе энергияңызды қай арнаға бұратыныңызға байланысты.
Егіздер
Егіздерге шекараларды айқын белгілеп, өткеннің есігін жабатын уақыт келді. Бұрынғы серіктер, әріптестер не достар хабар беруі мүмкін, бірақ дабыраға толы сөздердің артында, ықтимал, нақты әрекет болмайды. Одан гөрі пайдалысы — денсаулыққа көңіл бөлу: ағзаңыз қазір ерекше қамқорлыққа мұқтаж.
Шаян
Шаяндарға мына нәрсені есте ұстау маңызды: жағдай сізге тікелей қатысы жоқ болса, қашықтан бақылаған жөн. Ең ізгі ниетпен араласудың өзі артық әуреге айналуы ықтимал. Күш-қуатты жұмыс пен табысқа бағыттау әлдеқайда орынды. Сеніңіз, қаржылық мүмкіндік қасыңызда — қол созсаңыз жетеді.
Арыстан
Арыстандар ақыры демалуға ерік бере алады: тоқырау кезеңі артта қалды. Енді кең құлашты міндеттерге кірісіп, биігірек мақсаттар қою уақыты келді. Ең бастысы — тепе-теңдікті ұмытпай, дер кезінде өзіңізге дем беріп отыру.
Бикеш
Бикештерде тағы да қаржыға қатысты сауалдар туған: шығындар бақылаудан шығып кетуі немесе есепте қате табылуы мүмкін. Үрейленбеңіз — сабырмен қосалқы жоспар ойластырған дұрыс. Қазір кім, қай жерде қателескенін қазбаламай, әрекет ету маңыздырақ.
Таразы
Таразыларға жеке өмір мен жұмысты анық ажырату қажет. Бұл апта жақын адамдар әрдайым іскер серік бола бермейтінін тағы бір еске салады. Есесіне жағымды жаңалықтар көп күттірмей, көңіл күйді жылдам көтереді.
Сарышаян
Сарышаяндарға ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ — мүмкіндіктеріңіз онсыз да айқын. Тек таңдаған бағыт әзірге нәтиже бермей тұр. Айналаңызға көз жүгіртіңіз: бір нүктеге байланып қалмай, өзіңізді көрсете алатын балама жолдар жеткілікті.
Мерген
Мергендердің айналасын флирт пен романтика атмосферасы әлі де жайлап тұр. Қалауыңызды жасырып қалмаңыз: белгі берсеңіз болғаны, керек адам жанынан табылады. Сәттің қызығын көріңіз.
Тауешкі
Тауешкілерге жоспардағы ықтимал кідірістер үшін уайымдаудың керегі жоқ. Керісінше, жұлдыздар сіздің жағыңызда, оқиғалар таңғаларлықтай жатық өрбиді. Айла іздеп әуре болмаңыз — кейде сәттілік жай келіп қалады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштардың жарық кезеңі басталуда: ескі даулар реттеліп, қаржылық міндеттемелер жабылады. Жалғыз ескерту — ар-ожданмен ымыраға келмеңіз. Мұндай мәмілелер сирек жақсы аяқталады.
Балықтар
Балықтар үшін ішкі тепе-теңдіктің кілті — толыққанды демалыс, ұйқы және дәмді ас секілді шағын қуаныштар. Өзіңізге қамқорлық жасау арандатуға ермеуге көмектеседі. Мақсаттарыңызға қарай қозғалысты жалғастырыңыз — көп ұзамай олар нақтыланып, көзге көріне бастайды.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.