Ретроградты Меркурий жұлдыз-жорамалы
Фото. Ардақ Сәтбаева.

26 ақпаннан 20 наурызға дейінгі ретроградты Меркурий жұлдыз-жорамалы: неге дайын болған жөн?

25 февраля 2026

26 ақпаннан 20 наурызға дейін Меркурийдің ретроградты кезеңі өтеді. Бұл уақытта кідірістер, шатасу, құжаттардағы қателер және қарым-қатынаста қиындықтар жиі орын алуы мүмкін. Техника сыр беруі, хабарламалардың жетпей қалуы, ал жоспарлардың аяқ астынан өзгеруі ықтимал. Дегенмен, абыржудың қажеті жоқ. Бұл кезеңді сәл баяулап, қабылданған шешімдерді қайта қарауға және көптен бері кейінге қалдырылған істерді аяқтауға берілген мүмкіндік ретінде қабылдаған дұрыс. Ең бастысы — сабыр сақтау және маңызды қадамдарда асықпау. Ал әрбір жұлдыз белгісі өкілдеріне нақты не істеу керегін біздің ретроградты Меркурийге арналған жұлдыз-жорамалымыз айтып береді.

Тоқты

Қазір айналаңызбен тығыз байланыста болу айрықша маңызды. Планеталардың орналасуы сізді шамадан тыс шалттыққа, тіпті өктемдікке итермелеп, өзгенің әрекетін салқынқанды бағалауға бөгет болуы мүмкін. Бірақ ішкі түйсігіңіз тығырықтан жол тауып, дұрыс қадам жасауға жетелейді: этикаға сай әрекет етіңіз — өзге жандардың құқығы мен мүддесіне нұқсан келтірмеңіз.

Торпақ

Әзірге ауқымды бастамаларды қолға алмаған дұрыс. Қарқынды сәл бәсеңдетіп, жұмыс үдерістерінің ішкі ұйымдастырылуына ден қойған пайдалырақ. Жүйені ретке келтіріңіз, ұсақ-түйегіне дейін ойластырыңыз да, қадам-қадаммен жылжыңыз — дәл осындай тәсіл нәтиже береді.

Егіздер

Алдағы уақытта сөзге ұстамдылық танытқаныңыз жөн. Дер кезінде үнсіз қалу дағдысы жұмыс пен жеке өмірдегі артық жанжалдың алдын алады. Пікіріңізді айтуға әлі үлгересіз — қазір маңыздысы — өзін-өзі бақылау.

Гороскоп на ретроградный Меркурий с 26 февраля по 20 марта: к чему готовиться?
Фото. Ардақ Сәтбаева.

Шаян

Ретроград кезең көбіне өткеннен адамдарды қайта әкеледі — ескі достарды, бұрынғы серіктерді не әріптестерді. Бәлкім, сіздің өміріңізде де біреу қайта хабар береді. Бұл адамды тағы да өміріңізге кіргізу-кіргізбеу — тек өз шешіміңіз. Мұнда әмбебап жауап жоқ.

Арыстан

Жұмыс ұжымында өз ұстанымыңыз бен беделіңізді қорғауға тура келуі мүмкін. Бастысы — нықтық пен қатқылдықтың арасындағы шектен аспау. Сабыр сақтаңыз, бірақ жұмсақтығыңызды пайдаланып кетуге де жол бермеңіз.

Бикеш

Айналада шатасу мен анықсыздық белең алса да, сізде, керісінше, айқындық кезеңі басталады. Көптен бері маза бермеген мәселені түбегейлі түсініп, өзіңіз үшін маңызды сұраққа ақыры жауап табасыз. Сондай-ақ жыл басынан бері созылып келе жатқан жағдайды шешуге мүмкіндік тумақ.

Гороскоп на ретроградный Меркурий с 26 февраля по 20 марта: к чему готовиться?
Фото. Ардақ Сәтбаева.

Таразы

Қазір өткенге көз тастап, бұрынғы тәжірибені ой елегінен өткізген пайдалы. Бірақ жай ғана талдау жеткіліксіз — жасалған қорытындыны іспен дәлелдеу маңызды. Айналаңыз сіздің алған сабақтарды шынымен меңгергеніңізді көретіндей әрекет етіңіз.

Сарышаян

Қазір істейтін ең дұрыс қадам — өзіңізге және ішкі хал-ахуалыңызға көңіл бөлу. Жалғыздыққа уақыт бөліңіз, медитацияны тәжірибеге енгізіңіз, өзіңізге қамқорлық жасаудың шағын жеке ритуалдарын қалыптастырыңыз. Денсаулық тексерісін де кейінге қалдырмаңыз — профилактикалық қаралу дәл осы тұста аса орынды.

Мерген

Эмоциялық күйіңіз тұрақсызданып, бұл айналадағыларға да байқалуы мүмкін. Мазасыздық, ширығу мен ашушаңдық орын алуы ықтимал. Қатты алаңдамаңыз. Бұл — ағымдағы астрологиялық кезеңнің әсері ғана, көп ұзамай басылады.

Гороскоп на ретроградный Меркурий с 26 февраля по 20 марта: к чему готовиться?
Фото. Ардақ Сәтбаева.

Тауешкі

Ретроград кезеңнің басында өзін-өзі адал мойындаудың тосын тәжірибесін қолданып көріңіз. Айна алдына отырып, әдетте мойындауға қымсынатын не дауыстап айтпайтын нәрселерді өзіңізге ашық айтыңыз. Бұл өзіңізді тереңірек түсінуге және ішкі кернеуден арылуға көмектеседі.

Суқұйғыш

Жақындарыңызбен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Жағдайға аздап қашықтан, сырт көзбен қарауға тырысыңыз. Әр тараптың уәжін салмақтап алып, содан кейін ғана өз ұстанымыңызды сабырмен түсіндіріңіз.

Балықтар

Техника мен цифрлық сервистер сыр беруі ықтимал: гаджеттерде ақаулар не ұсақ-түйек қолайсыздықтар болуы мүмкін. Маңызды құпиясөздер, аккаунт деректері және банк ақпараты есіңізде ме, алдын ала тексеріп қойған жөн. Мұның бәрін жадыңызда жаңғырта түсіңіз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше