Әйгілі «Блондинка в законе» қайта оралмақ: «Эль» приквелінің алғашқы трейлері жарияланды
Фото: ELLE сериалының ресми постері жасанды интелект көмегімен өңделді. Автор. Amazon MGM Studios. Prime Video.

Әйгілі «Блондинка в законе» қайта оралмақ: «Эль» приквелінің алғашқы трейлері жарияланды


Культтік «Блондинка в законе» фильмінің жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық! Желіде «Эль» (ELLE) атты жаңа сериалдың алғашқы трейлері жарияланды. Жоба 2001 жылы жарық көрген әйгілі фильмнің приквелі болмақ. Сериал көрерменді Эль Вудстың студенттік өміріне дейінгі кезеңге жетелеп (яғни 1995 жылға оқиға) және оның тұлға ретінде қалыптасу жолын баяндайды. Демек, киносүйер қауым заң факультетін бағындырып, табандылығымен көпшілікті тәнті еткен кейіпкердің жастық шағымен жақынырақ таныса алады.

Әйгілі «Блондинка в законе» қайта оралады: «Эль» приквелінің алғашқы трейлері жарияланды
Фото: ELLE сериалының ресми постері. Автор. Amazon MGM Studios. Prime Video.

Алғашқы кадрлардан-ақ туындының түпнұсқа фильмге тән жарқын атмосферасы, сәнді образдары мен жеңіл юморы сақталғанын байқауға болады. Бұл жоба франшизаның жанкүйерлеріне ғана емес, жаңа аудиторияға да қызықты болуы мүмкін.

Жобада басты рөлді Лекси Майнтри сомдаса, Джун Дайана Рафаэль, Том Эверетт Скотт, Джейкоб Московиц, Габриель Поликано, Чандлер Кинни, Зак Лукер және Эми Пиц сынды актерлер де көрермен көзайымына айналмақ. Сериалдың авторы әрі шоураннері — Лора Киттрелл. Ал атқарушы продюсерлер қатарында түпнұсқа фильмдерде Эль Вудс бейнесін сомдаған Риз Уизерспун да бар. Ал жаңа сериалдың премьерасы 1 маусымға жоспарлануда. Бірақ көрермен неше бөлім тамашалай алатыны әзірге белгісіз.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше