You can never be overdressed or overeducated. Бұл Оскар Уайльдтың сөздері мен ұстанымы. Мұндай идеяны жазғы уақытта шын мәнінде жарқырағысы келетін барлық сәнқойлар өздеріне ұран етіп алған. Harper’s BAZAAR España -ның пайымымен, алтын түстес көйлектер дәл осы маусымда қара және ақ киімдердің орнын басты. Әсіресе биылғы ыстық жазда. Қызығы, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қыздар көз тартар, әсерлі киімдерді тек кешкі шараларға ғана емес, күнделікті «look» ретінде де таңдайды.
Көктем-жаз маусымындағы The Attico, Rabanne, Roberto Cavalli және Germaneir көрсетілімдерінде келген меймандар алтын жүннен тігілгендей көрінетін (иә, бұл да мүмкін) және детализацияланған бюстье, мини мен комбинациялар үлгілерін байқап үлгерді. Бұл трендті стритстайл шежірелерінің жұлдыздары да жалғастырып, өз интерпретацияларын ұсынды. Айта кетейік, кейбірі образдағы металликті аксессуарлармен теңестіргісі келмей, керісінше, одан да батыл және колоритті элементтермен стилизация жасап көрсетті.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.