Бұл стильді жазғы көйлектер аптап ыстықты жеңіл еңсеруге көмектеседі
Фото. Пресс-офисы марок

Бұл стильді жазғы көйлектер аптап ыстықты жеңіл еңсеруге көмектеседі


Жазғы әдемі көйлектер — бұл жай ғана қажеттілік емес, романтика мен түрлі тәжірибені ұнататындардың гардеробындағы must-have. Мұндай киімдер өзі-ақ ерекше стиль қалыптастырады, қосымша күш жұмсауды қажет етпейді. Олар кез келген аяқ киіммен және сөмкемен оңай үйлесіп, аптап күндерге арналған дайын образ тудырады. Сарафан мен бюстье — маусымның эстетикасын дәл көрсететін киімдер, ал үлкен білезіктер мен балық бейнеленген әшекейлер оларды трендке айналдырады. Айтпақшы, алғашқы салқын күндер келгенде бұл көйлектерді джинсы немесе шалбармен үйлестіріп киюге болады — туника тренді әлі де өзекті. Богем стиліндегі көйлектер, “көпіршікті” етегі бар модельдер мен кроше техникасымен жасалған мини-көйлектер қазіргі таңда базалық жазғы көйлектерден де танымал. Десе де, соңғылары ешқашан өз маңызын жоғалтпайды.

Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз. 


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше