Апталық жұлдыз-жорамал: 9–15 наурыз аралығында сізді не күтіп тұр?
Фото. Моника Лис.

Апталық жұлдыз-жорамал: 9–15 наурыз аралығында сізді не күтіп тұр?

10 марта 2026

Маңызды оқиғалардың алдындағы тыныш кезең басталып келеді. Соның салдарынан зодиак белгілерінің көптеген өкілдеріне күш-қуат азайғандай, әдеттегі істер бұрынғыдан баяу жүріп жатқандай көрінуі мүмкін. Жоспарлар кейінге шегеріліп, тапсырмалар күткендегіден кешірек орындалуы ықтимал. Әрине, мұндай жағдай жүйкеге тиюі мүмкін. Дегенмен жұлдыздар оқиғаны жеделдетпей, сабыр сақтап, төзім танытуды ұсынады. Қалғанын Harper's BAZAAR Kazakhstan ұсынған апталық жұлдыз-жорамал баяндайды.

Тоқты

Бұл аптада Тоқтыларға, әсіресе жұмысқа қатысты мәселелерде, дипломатия сақтай білу ерекше қажет болады. Артық турашылдық пен қасарысу жағдайды ушықтырып, жанжал туғызуы мүмкін. Жеке өмірде, керісінше, қызықты сәттер ықтимал: құпия кездесулер мен көпке жария ете бермеген жөн сырлар.

Торпақ

Торпақтар өзін нағыз тәлімгердей сезінеді. Айналаңыздағы адамдар кәсіби де, өмірлік те кеңес үшін жиі жүгінетін болады. Көмектен тартынбай, тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Сіз көрсеткен қолдау кейін, ең күтпеген сәтте, міндетті түрде өзіңізге қайтады.

Егіздер

Егіздер әдеттегі өмір ырғағының баяулағанын байқауы мүмкін. Ал сіз, әдетте, күтуді де, кідірісті де ұната қоймайсыз. Дегенмен әріптестерге ұрысып, сізден баяу жұмыс істейтіндерге мысқылдай сөйлеуден тартынған жөн. Ашу-ыза тек жағдайды күрделендіріп, үдерістерді жеделдетпейді.

Гороскоп на неделю: что вас ждет с 9 по 15 марта?
Фото. Моника Лис.

Шаян

Шаяндарға жұмыс пен жеке өмірдің арасындағы үйлесімді табу маңызды. Көңіл күйіңіз бен өнімділігіңізді үйдегі атмосфера айқындайды. Отбасыңызда тыныштық пен қолдау болса, істеріңіз де әлдеқайда жеңіл жүреді.

Арыстан

Арыстандарға үйреншікті міндеттерге басқа қырынан қарау керек. Бір мәселенің бірнеше шешімі қатар болуы мүмкін — тек ой-өрісті кеңірек ұстаңыз. Бұл әсіресе құжаттар, ресми рәсімдер немесе құқықтық мәселелерге қатысты өзекті.

Бикеш

Бұл аптада Бикештерге сұраныс ерекше артады. Бұған сіздің өзгелер көзден қалдыратын ұсақ-түйек пен детальдарды қалт жібермей байқайтын қабілетіңіз себеп. Бұл талант жұмыста да, шаруаларда да айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін. Оны барынша кәдеге жаратыңыз, бірақ бәріне бірдей көмектесу міндет емес екенін ұмытпаңыз: еңбегіңіз лайықты қайтарым табуы тиіс.

Гороскоп на неделю: что вас ждет с 9 по 15 марта?
Фото. Моника Лис.

Таразы

Таразылар маңызды бір түсінікке келеді: ең үлкен құндылық — адамдар және олармен байланыс. Қатынас орнатуды нығайтып, ортаңызды кеңейтуге қолайлы кезең. Жаныңызда сіздің көзқарастарыңызды бөлісетіндер көбейген сайын, алға жылжу да жеңілдей түседі. Бұл ішкі тыныштыққа да оң әсер етеді.

Сарышаян

Апталық жұлдыз жорамал қарбалас күндерді уәде етеді. Сарышаяндарға жұмысқа да, тұрмыстық шаруаларға да қатысты тапсырмалар көбейеді — істер әдеттегіден едәуір арта түседі. Жуырда біреуге көмектесуге уәде берсеңіз, дәл қазір сол уәдені орындауды сұрауы әбден мүмкін.

Мерген

Мергендер уақытша мансаптық жоспарларын кейінге ысырып, отбасына көбірек көңіл бөледі. Назар түгелдей жақындарыңызға ауады. Үйде көбірек болып, қарапайым қуаныштарға — отбасылық әңгімелерге, туғандардың қамқорлығы мен жылуына — қаныққаныңыз жөн.

Гороскоп на неделю: что вас ждет с 9 по 15 марта?
Фото. Моника Лис.

Тауешкі

Тауешкілер бір кездері өмірін ұқыпты жоспарлағанына қанағат сезінуі мүмкін. Осы аптада бұрынғы талпыныстарыңыздың нәтижелері көріне бастайды. Ұсақ қиындықтар туындаса да, уайымдамаңыз: апта соңына қарай жағдай тұрақталады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштарға тек арманмен өмір сүруді доғарып, айналада болып жатқанға мұқият қараған жөн. Қазір шындықты салмақты бағалап, шешімдеріңіз үшін жауапкершілік алу маңызды. Әйтпесе, айналаңыз сізді істеріне тым жеңіл қарайтын адам ретінде қабылдай бастауы мүмкін.

Балықтар

Балықтар үшін бұл апта шығармашылық салада ерекше сәтті болуы ықтимал. Қабілетіңіз бен шабыт айқын да әсерлі көрінеді. Өзіңізді танытып, алға жылжу мүмкіндіктері ашылады.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше