Ақпан айына арналған сән инвестициясы: не сатып алған жөн?
Фото. Брендтердің баспасөз кеңсесі.

Ақпан айына арналған сән инвестициясы: не сатып алған жөн?

10 февраля 2026

Қыстың соңғы айы көпшілік үшін әдетте көктемді күту уақытына айналады. Бірақ арман-қиялға беріліп, қымбат уақытыңызды ысырап етпеңіз — әр сәттен ләззат алыңыз. Оның үстіне ақпандағы сән инвестициямыз ишара беріп тұр: жылылыққа дайындалу үшін дүкен аралаңыз, әрі қыстың өзінен де рақат алыңыз. Төмен өкшелі етіктер — маусымаралық кезең үшін тамаша таңдау.

Harper’s BAZAAR Kazakhstan TOTEME-де асыл шоколад реңктегі мінсіз жұп барын тапты. Крокодил терісінің әсері аяқ киімге батылдық пен фактура береді, ал жылтыр өңі оның әмбебаптығын айшықтайды. Шағын өкше күнделікті өмірге мінсіз сай келеді, әрі образдарыңызға нәзіктік пен жайлылық сыйлайды. Ұзартылған мұрын, әрқашанғыдай, аяқтарыңызды көзге ұзын етіп көрсетеді. Мұндай ақпандағы сән инвестициясы қысқа белдемшелермен және шортылармен әдемі үйлеседі. Дегенмен сіз Копенгагендегі Сән аптасындағы жаңа трендті де іліп әкете аласыз және сусылдаған шалбарды етіктің ішіне түріп киюге болады.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше