Ботинкаларды джинсымен үйлесімді етіп қалай киюге болады?
Фото. Spotlight

Ботинкаларды джинсымен үйлесімді етіп қалай киюге болады?

12 февраля 2026

Бір қарағанда еш қиыны жоқ сияқты, бірақ стилисттер деним шалбарын классикалық ботильондармен киюдің өзін нағыз өнер деп атайды. Сарапшылар мұны it-girl-дер сүйетін формулаларды басшылыққа ала отырып істеуге шақырады. Ең өзекті идеялардың бәрі Harper’s BAZAAR Kazakhstan материалында жинақталды. Ботинкаларды джинсымен қалай үйлесімді киюге болатынын айтып береміз.

Түзу пішім + үшкір тұмсықты ботильондар

Түзу пішімді шалбар аяқтарды көзбен ұзартып көрсетеді. Үшкір тұмсықты ботильондар да дәл сондай әсер береді. Сондықтан мұндай үйлесімді Синди Кроуфордтан Кендалл Дженнерге дейінгі модельдер жақсы көреді — таңғаларлық емес. Классикалық бұл тандем кез келген аутфитке әсерлілік пен әйелдік тартым береді.

«Бөшке» пішінді джинсы + төмен өкшелі ботильондар

Сәл иілген балақ пішімі төмен өкшелі ботинкалармен бірге әлдеқайда теңгерімді көрінеді. Ұзартылған тұмсық образды көзбен нақтылап, артық жүктемей балансты сақтайды. Тренч пен классикалық жейде стильдік тәжірибелеріңізге тамаша база болады.

Кең балақ + замша ботинкалар

Мұндай комбинация көктемнің басына таптырмас: қара жакет пен водолазка, кең джинсы, ірі айылбасты белдік (алдағы маусымның үлкен тренді) және замша ботильондар. Лаконикалық аутфит әрі кеңсе күндеріне, әрі кейінгі кездесулерге жарайды.

Тар джинсы + челси

Ботинкаларды джинсымен тағы қалай үйлестірсе болады, егер образды барынша үйлесімді қылғыңыз келсе? Мысалы, тар шалбарды қалың табанды челсимен киіңіз. Мұндай пропорциялар сөзсіз баланс жасайды. Айтпақшы, стилисттер шалбардың ұшы аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне әрең тиетіндей қысқартылған нұсқаларын таңдауға кеңес береді.

Клеш джинсы + байкерлік ботинкалар

Мұндай аутфитті ат спорты мен ковбойлық эстетиканы ерекше ұнататын Белла Хадид жақсы көретіні бізді мүлдем таңғалдырмады. Образды санаулы минутта қайталауға болады. Клеш джинсыны биік ботинкалармен, қой терісінен тігілген күртемен және түсі үйлесетін сөмкемен киіңіз.

«Скинни» + биік қонышты етіктер

Бұндай киім-жинақ мегаполис тұрғындары үшін таптырмас сияқты. Ол практикалық пен утилитарлықты ұштастырады. Базалық тренч, ақ жейде және скинни — бәрі жайлылық туралы. Бірақ суық мезгілде биік қонышты етіктер мен көлемді сөмкесіз болмайды.

Harper’s BAZAAR мақаласының түпнұсқасын мұнда оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше