Әлеуметтік желілерде зәйтүн майы, лимон мен зімбірден жасалған қарапайым таңғы шот танымалдыққа ие болып келеді. Harper's BAZAAR UK хабарлауынша, оны күні бойғы сергектік пен ағзаны қолдауға арналған, кофеге балама ретінде ұсынады.
Мұндай сусынға қызығушылықтың артуы ұйқыдан тұрған бойда ішілген кофенің кортизолдың табиғи көтерілуін күшейтіп, ұйқышылдыққа жауап беретін аденозинге әсер етуімен байланысты. Нәтижесінде энергия алдымен күрт өсіп, кейін төмендеп, шаршау, тәттіге құмарту және сананың бұлдырлануы сияқты жайсыздықтарға әкеледі.
Рецепті барынша қарапайым: бір ас қасық зәйтүн майы, бір ас қасық жаңа сығылған лимон шырыны және зімбірдің кішкентай тілімі. Құрамдастарды араластырып не шайқап, таңертең — таңғы асқа дейін немесе ас үстінде — ішеді.
Айта кетерлігі: мұндай шот кофедей әсер етпейді әрі бірден қуат қоспайды, бірақ уақыт өте жалпы хал-ахуалды жақсартуға сеп болуы мүмкін. Ол ас қорытуға жәрдемдесіп, қабынуды азайтуға, иммунитетті нығайтуға және энергия деңгейін бірқалыпты ұстауға көмектеседі. Бұдан бөлек, таңертең кофеиннен бас тарту мазасыздықты азайтуға да сеп болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.
Сусынның пайдасы оның құрамымен түсіндіріледі: зәйтүн майы жүрек пен ішекті қолдайтын пайдалы майлар мен полифенолдарға бай; зімбір қабынуға қарсы қасиетімен танымал және асқазандағы жайсыздықты басуға көмектеседі; лимон С дәрумені мен антиоксиданттар қосады.
Сонымен қатар мамандар ешбір шоттың сиқырлы шешім еместігін атап өтеді. Нәтиже үшін су ішу, ақуыз бен талшыққа бай толыққанды таңғы ас, сондай-ақ ұйқы мен жалпы тамақтану тәртібі маңызды.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.