-1 краш… Трендтегі хит жоба «Черный двор» веб-сериалындағы бойдақ актерлар саны азайды. Атышулы туындыда Гарик есімімен басты рөлді сомдаған Ақжол Пірімбетов сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Мұндай қуанышты жаңалықты Ақжол инстаграм парақшасында жариялады. Жеке өміріндегі ең маңызды сәтте Пірімбетовты өнердегі әріптестері мен достары қолдап келген.  

Видео. Instagram @_primbetovvv

«Енді отбасылық контент күтіңіздер», — деген Ақжол ғашығы жайлы ақпаратпен бөліспеді. Десе де желіде оның жүзін жасырып қалуға да тырыспады. Олай болса, жас жұбайларға бақыт тілейміз!

Фото. Instagram @_primbetovvv


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @_primbetovvv

Поделиться: