«Дала қасқыры»: Режиссер Әділхан Ержановтың кезекті фильмі АҚШ-тың кинотеатрларына ұсынылмақ

05 июля 2024

Әділхан Ержанов «Дала қасқыры» (Steppen wolf) фильмін Америка Құрама Штаттарында көрсетпек. Сондай-ақ  талантты режиссердің кезекті туындысы Монреаль қаласында өтетін «Fantasia» атты халықаралық кинофестивальде бақ сынайтын болады.

Фото. Instagram @steppenwolf.film

Картина АҚШ көрерменіне осы жылдың қыркүйек айында ұсынылса, отандастарымыз лентаны тамыздың 15-інен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көре алмақ. Мұндай қуанышты жаңалықты киногерлер өздерінің жеке инстаграм парақшаларында бөлісті. Еске салсақ, былтыр таспаланған криминалды драмада еліміздің танымал актеры – Берік Айтжанов басты рөлді сомдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=F4JUOyu7ZWY

Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @adilkhan_yerzhanov. Автор. Baurdzhan Bismildin

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше