Режиссер Әділхан Ержанов Бельгияның астанасы Брюссельде өткен «Brussels International Fantastic Film Festival 2024» халықаралық фестивалінде олжалы болды. Киногердің  «Дала қасқыры» (Steppenwolf) туындысы «Golden Raven awards», яғни «Алтын қарға» атты жүлдесіне иеленді.

Авторлық драма «Халықаралық фильм» аталымы бойынша үздік деп танылды. 40 жылдық тарихы бар фестивальге жыл сайын 50 мыңға дейін адам жиналады. Биыл онда 60 туынды көрсетілген.

Брюссель кинофестивалі – Европадағы ең ауқымды премиялардың бірі.  Әділхан Ержановтың өзі марапаттау кешіне қатыса алмағандықтан, жүлде еліміздің Бельгиядағы елшілігінің қызметкеріне табысталды. 2022 жылы таспаланған толықметрде кино және театр актеры Берік Айтжанов басты рөлді сомдаған. Олай болса, түсірілім тобына жеңіс құтты болсын дейміз!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @steppenwolf.film

Поделиться: