Бірнеше маусым бұрын it-girls өкілдері жабындыдан бас тартып, табиғи нейл-артты таңдаған еді. Алайда қазір олар өткен трендтерге қайта оралғысы келетін сияқты. Ашық түстерден қашып, бірақ тырнақтарының күтімді болғанын қалайтындар үшін біз «жұмсақ» маникюр идеяларын жинадық. Бұл нені білдіреді? Жеңіл, сүт түстес реңктерге, жартылай мөлдір жабынға, «сабынды» текстураларға және көзге ұрмайтын жылтыр әсерге назар аударыңыз. «Көпіршікті» нейл-арт та тренд қатарында: еркін перламутрлы жылтыр дизайнға ерекшелік береді. Айтпақшы, френч те қайта жандану үміткерлерінің бірі (дегенмен ол әрдайым классика саналған). Бұл бағытта бұлттай жеңіл, фарфор реңктерін, мінсіз өңделген тырнақ пен кутикуланы, сондай-ақ тырнақ пластинасының саулығын таңдаңыз. Harper’s BAZAAR Kazakhstan образдарға нәзіктік сыйлайтын «жұмсақ» маникюрдің мінсіз идеяларын ұсынады.
Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.