Микрокристалдармен маникюр
Фото. Instagram @matejanova

Микрокристалдармен маникюр — атақты адамдар ұнатып үлгерген тренд

12 февраля 2026

Минималистік тырнақ дизайнының сан алуан түрі бар — мұндай шешім әрдайым ұтымды. Қарапайым дизайн кез келген образбен жарасып, сонымен қатар ерекше детальға айналады. Микрокристалдармен маникюрді, Harper's BAZAAR жазғандай, жұлдыздар қазірдің өзінде жақсы көріп үлгерді. Олардың кейбірі биыл тіпті өз шеберлерінен дәл осындай маникюрді «Алтын глобус» пен «Грэмми» салтанаттарына жасауын өтінген. Harper’s BAZAAR Kazakhstan мұндай ықшам трендті қалай қайталауға болатынын айтып береді.

Микрокристалдармен маникюрді қалай қайталауға болады?

Ең алдымен, сіздерге кристалдардың өзі, ұсақ інжулер немесе өзге де 3D элементтер керек болады. Олар қажетті көлем беруге көмектеседі. Кейін негізді ойластырыңыз: ол жартылай мөлдір табиғи реңктің кез келгені болуы мүмкін — шабдалыдан сүт түске дейін. Ең бастысы — декордың орналасуы. Симметрия мен бос кеңістік қызықты дизайн қалыптастырады, дегенмен асимметрия да тырнақ дизайныңыздың бір бөлігіне айнала алады. «Тыныш сән-салтанат» концепциясын ұнататындарға негізгі гаммадағы ұстамды безендіру ұнаса, максимализм жанкүйерлеріне — қанық түсті микрокристалдармен маникюр жарасады.

Сіз де немесе шеберіңіз де бұл қызу трендті оп-оңай қайталап шыға аласыз — оны әншілер Оливия Дин мен Laufey, сондай-ақ «Медведь» сериалының жұлдызы Айо Эдебири әлдеқашан көрсетіп үлгерді.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше