Жұлдыздар өз сұхбаттарында тылсым әлеммен байланысы, елестермен кездесулері жайында мойындайды. Бір қызығы, олар қоғамның алдында есі ауысқандай біртүрлі болып көрінуден қорықпайды. Әлде жұлдызды дәрежелері расында бізге беймәлім, тылсым әлемге жол аша ма екен? Әлде бұлары жүйкесі тозған жандардың сандырағы ма?

Мәселен, Кристин Стюарт тылсым дүниелерге аса сезімтал келетінін айтады. Тіпті «Vanity Fair-ға» берген сұхбатында «Мен елестермен тілдесемін» деді.

Елестермен кездесетін жұлдыздар. Кристин Стюарт олармен тіпті тілдеседі

Ал актриса нағыз медиум болып шықса ше? Немесе вампирлер сагасындағы ұзаққа созылған түсірілімдер өз әсерін тигізбей қоймады ма екен?

Мэттью Макконахи ұзақ уақыт бойы мадам Блю есімді елес әйелмен көрші болды.

2013 жылы Майли Сайрус Elle журналына өзінің лондондық пәтерінде біртүрлі адамды көргенін айтып берді. «Мен жуынатын раковинада отырып, менің душ қабылдап жатқаныма қарап отырған кішкентай баланы көрген сияқты болдым. Қатты қорқып кеттім. Бәлкім менің есім ауысқан шығар, бірақ ант етейін: келесі түні де ваннада отырғанымда, аяғын салбыратып қойып, раковинада отырған кішкентай баланы көрдім».

Холли Берри «Дороти Дэндриджбен таныс болыңыздар» фильміндегі түсірілімдерден кейін атақты актрисаның әруағымен кездескенін айтты.

Николас Кейдж баспасөздің айтуынша, елестерге қатты сенеді екен.

Николас Кейдж: «Бұл тылсым әлем бе?»

Леди Гага 2011 жылы Райан есімді елестің ізіне түсіп алғанын мәлімдеген болатын.

Кейт Хадсон анасы Голди Хоунның Лондоннан жалдаған үйінде көп рет елес көргенін айтты. Кейт сондай-ақ өзінің қайтыс болған әжесінің әруағымен кездескенін мәлімдеді.

Ал Райан Гослингтің айтуынша, елестер оның отбасын үйден қуыпты. Бала кезде Райан ата-анасымен бірге әруақтар маза бермей, тұрып жатқан үйлерінен көшіп кетуге мәжбүр болған.

Елестермен кездесетін жұлдыздар. Райан Гослинг

Бәрінен де 1990 жылдардың секс-символы саналған актриса Анна Николь Смиттің «жолы болды». Ол елеспен жай кездесіп қана қоймай, төсек қатынасына түскен. 2004 жылы ол журналистерге «Баяғыда Техастағы пәтерімде елес аяғымнан бастап, үстіме өрмелеп, менімен жыныстық қатынасқа түскен. Мен ұйықтаған сайын осылай бірнеше рет қайталанды. Бастапқыда ұйқылы-ояу мен оны жігітім екен деп қалатынмын. Алайда, көзімді ашқанда, жанымда ешкім болмай шығатын».

Анна Николь Смиттің тартымдылығы соншалықты, тіпті елестер де өз-өздерін ұстай алмаған секілді.

Harper’s BAZAAR Kazakhstan.