Гуава қосылған косметикалық өнімдер 2025 жылдың жазынан-ақ танымал бола бастады. Араға шамамен бір жыл салып, олар өз позициясын нықтап, сұлулық индустриясына өз күшті жақтарын көрсетті. Бұл жемістің пайдалы қасиеттері С витаминінің әсерімен салыстыруға тұрарлық. Тропикалық компоненті бар сарысулар, кремдер мен лосьондар бет өңін ағартуға, қара дақтарды азайтуға және коллаген түзілуін жақсартуға көмектеседі. Гуава құрамындағы антиоксидант ликопин теріні сыртқы орта әсерінен қорғайды әрі қартаюдың алғашқы белгілерінің алдын алады. Сонымен қатар, бұл ингредиенті бар косметика терісі сезімтал әрі безеуге бейім адамдарға да жарайды.
Сарапшылар тек күтуге арналған косметика ғана емес, декоративті өнімдер де тамаша нәтижелер көрсететінін атап өтті. Декоративті құралдар, мысалы, ерінге арналған жылтырлар да терінің күйіне оң әсер етеді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan таңдауы гуава қосылған алуан түрлі косметикалық өнімдерді қамтиды: шашты оңай таратуға көмектесетін спрейлер мен тинттерден бастап тазартқыш майларға, жұмсақ пилинг-скрабтар мен күнге күйгендей өң беретін тамшыларға дейін.
Benton
Glow Recipe
Ceremonia
ColourPop
ColourPop
Ere Perez
Glow Recipe
Sweet July
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.