Picnic by Partners: сіздің сәнді образыңыз Harper’s BAZAAR Kazakhstan-ның street style шолуынан орын алуы мүмкін
Фото. Picnic by Partners.

Picnic by Partners: сіздің сәнді образыңыз Harper’s BAZAAR Kazakhstan-ның street style шолуынан орын алуы мүмкін

10 июня 2026

Сән индустриясына қызығатындар үшін тамаша жаңалығымыз бар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan Алматыдағы Picnic by Partners шарасында ерекше стиль иелерін іздемек. Күні бойы кәсіби фотографтар өз образымен батыл тәжірибе жасаған, қызықты аксессуарлар таңдаған немесе ұлттық нақышты заманауи стильмен үйлестіре білген қонақтарды объективке түсіретін болады. Камера назарына көпшіліктің арасынан дараланып, сәнге өзіндік көзқарасын көрсете алған жандар ілігеді. Ең әсерлі әрі концептуалды образдар, сондай-ақ трендтерді дәл тапқан стильді шешімдер Harper’s BAZAAR Kazakhstan сайтының дәстүрлі street style шолуынан орын алады.

Сондықтан қиялыңызға ерік беріп, даралығыңызды көрсетуден қорықпаңыз. Аутентті элементтерге, ерекше пішімдерге және жарқын акценттерге басымдық беріңіз. Осы сенбіде Almaty Resort-та өзіңіздің ең үздік образыңызбен күтеміз! Ал шара билеттерін сілтеме арқылы сатып ала аласыз.

Объектив Harper’s BAZAAR Kazakhstan на Picnic by Partners в Алматы: ваш образ в нашей стрит-стайл-хронике
Фото. Всеволод Горбунов.
Объектив Harper’s BAZAAR Kazakhstan на Picnic by Partners в Алматы: ваш образ в нашей стрит-стайл-хронике
Фото. Аяжан Тілеубаева және Кирилл Кизилов.

Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше