Nomadcore, винтаж және болашақ трендтер: Гоша Карцев Picnic by Partners шарасының хедлайнері
Фото. Кейіпкердің жеке мұрағаты.

Nomadcore, винтаж және болашақ трендтер: Гоша Карцев Picnic by Partners шарасының хедлайнері

08 июня 2026

Келесі сенбіде өтетін Picnic by Partners фестивалі Almaty Resort-та оңтүстік астананың шығармашыл қауымын бір алаңға жинамақ. Іс-шараның мазмұндық кеңістігін digital-технологиялар қалыптастырса, стиль мәселесін өз қолына Harper’s BAZAAR Kazakhstan алады. Бұл жолы бізге танымал фэшн-сарапшы Гоша Карцев серік болмақ.

Гоша Карцев на Picnic by Partners: Nomadcore, оценка вашего образа, и фьюче-прогнозы

Бүгінде сән әлеміндегі жаңа трендтер мен түрлі core эстетикалары көз ілеспес жылдамдықпен ауысып жатыр. Соның салдарынан әлеуметтік желілер алгоритмдеріне ілесемін деп жүріп, өзіңнің даралығыңды жоғалтып алу да оңай. Алайда қазақстандықтар үшін Nomadcore ерекше маңызға ие. Өйткені бұл эстетика ұлттық мәдениетті жаһандық деңгейде танытып, жаңа қырынан дәріптеуге мүмкіндік береді. Гоша Карцев паблик-ток барысында осы бағытқа қатысты көзқарасымен бөлісіп, заманауи сән индустриясын жан-жақты талдап, оның болашағына үңіледі.

Сонымен қатар бүгінгі таңда жеке стильдің қандай факторлардан қалыптасатынын талқылаймыз. Музыкалық талғам, қимыл-қозғалыс, тіпті әзіл-қалжыңның адамның өзіндік бейнесіне қалай әсер ететіні сөз болады. Сондай-ақ көпшілікті толғандыратын тағы бір сұраққа жауап іздейміз: неге винтаж заттар жаңа топтамаларға қарағанда әлдеқайда «тірі» әрі қызықты көрінеді? Қандай архивтік дүниелерді ресейл-платформалардан іздеу керек және трендтерден бір қадам алда болудың сыры неде? Іс-шара барысында Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакторы Яна Пучкова Гошадан сән әлемінің болашағына қатысты батыл болжамдар сұрайды. Алдағы уақытта қандай тосын трендтер танымал болмақ? Болашақ сәні ұлттық ерекшеліктерге тереңірек бет бұра ала ма? Осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап беріледі.

Гоша Карцев на Picnic by Partners: Nomadcore, оценка вашего образа, и фьюче-прогнозы

Әрине, біз тек теориямен шектелмейміз. Қонақтарды ерекше интерактивті формат күтіп тұр. Picnic by Partners алаңында үлкен экрандардан фестиваль қонақтарының образдары көрсетіліп, Гоша Карцев оларды тікелей эфирде кәсіби тұрғыда талдайды. Қазіргі трендтерді сәтті үйлестіре алған қатысушыларға «Бүгін» мәртебесі берілсе, сәннің ертеңін болжап, тың шешімдер ұсынған визионерлер «Ертең» деген баға алады. Сарапшы аксессуарлардан бастап түстік үйлесімдер мен ерекше стилизация тәсілдеріне дейін назар аударып, өзіне ұнаған образдарды егжей-тегжейлі саралайды.

Біз ең батыл, ең концептуалды әрі есте қаларлық образдарға аңшылық жариялаймыз. Қиялыңызды іске қосып, архивтік сән элементтерін жергілікті брендтердің жаңа топтамаларымен үйлестіріңіз, этникалық акценттер қосудан қорықпаңыз. Біз сіздерден ерекше әрі мазмұнды стилизация күтеміз. 13 маусым күні Almaty Resort-та кездескенше! Өз «Ертеңіңізді» көрсетіңіз! Билеттерді қазірдің өзінде сатып алуға болады. Ал HBALMPIC26 промокоды арқылы 20% жеңілдікке ие боласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Кейіпкердің жеке мұрағаты.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше