Әйгілі «Netflix» кинокомпаниясының әлеміне саяхат! Дина Тасболатова әлемдік деңгейдегі студияның түсірілім алаңынан сәлем жолдады. Дәл осы стрмингтік платформа авторларының туындысына шақырту алған актриса бір күндік түсірілімін көрсетті. Испанияға аттанған Дина отандық фолловерлеріне арнайы лайф форматта контент әзірлеп, видеоролик таспалаған.

Дина Испаниядағы киногерлеріне қазақтың ұлттық тағамы құрттан ауыз тигізді. Еліміздің қонақжайлылығын көрсеткен Тасболатова шетелдіктердің алғашқы эмоциясын да түсіріп алған.

Әлемді мойындатқан «La casa de papel» телехикаясының актерларымен бір алаңда жүрген Дина Тасболатованың бір күнтізбесі: «5:40-та көтерілу, 6:15-те алаңға шығу. Макияж жасамас бұрын, біз кофе алу үшін буфетке кірдік. Мен Қазақстаннан Ұлттық тәттілерді әкелдім және олармен бүкіл түсірілім тобын емдедім. Олар курттың дәмі ірімшік сияқты екенін айтты. Оларға ұнады деп үміттенемін».

«Макияждан кейін олар костюмдерге барып, костюм киіп, оны текстуралай бастады. Біз ойын аяқ киіміне арнайы қақпақтар қойдық, өйткені біз алаңда лас болдық. Әрине, түсірілім процесін көрсете алмаймын, бірақ бұл өте қызықты болды деп айта аламын», — дейді түсірілім алаңынан сәлем жолдаған Дина.

Ал Қазақстан мен Испания елдері бірігіп таспалап жатқан халықаралық туынды — «La Tregua» деп аталады. Түсірілімнің енді басталғанына байланысты, әзірге премьера уақыты белгісіз.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @dina_tasbulatova Автор. @alexandr_no 

Поделиться: