Күш жаттығулары: аңыздарды жоққа шығарамыз және пайдасы туралы айтамыз

08 апреля 2025

Бүгінде фитнес саласында көптеген бағыттар бар: барре, реформердегі пилатес, жануарлармен йога сияқты ерекше жаттығулар. Алайда біз қарапайым әрі тиімді бағыт - күш жаттығуларын жиі елемей кетеміз. Бекер, мүмкін, сіз мұны білмеген боларсыз, бірақ Ұлыбританияда күш жаттығуларын аптасына кем дегенде екі рет жасау мемлекеттік деңгейде ұсынылған - және оның міндетті түрде тренажер залында болуы шарт емес. Мұндай жаттығуларда зіл темір мен гантельдер ғана емес, эластикалық ленталар, өз салмағыңызбен орындалатын жаттығулар мен аспалы тренажерлер де қолданылады.

Жаттығулар туралы

Фото. Shutterstock.com. Автор. PeopleImages.com — Yuri A

Мәні қарапайым: бұлшық еттер қарсы бағытта жұмыс істейді, ал организм оған жауап ретінде бейімделіп, оларды күшейтеді. Бұлшық ет массасы неғұрлым көп болса, негізгі калория азайту деңгейіңіз соғұрлым жоғары болады.

Алайда бір жайтты ескеру керек: күш жаттығуларының кардиодан айырмашылығы - олар негізінен майды энергия көзі ретінде қолданады. Бірақ бұл арықтауға көмектеспейді деген сөз емес! Мұндай жаттығулардан кейін де ағза тыныш күйде бірнеше сағат бойы энергия жұмсап, калория азайтуын жалғастырады.

Күш жаттығуы қанша калория азайтады?

Нақты сандар адамның салмағына, жаттығу қарқынына және метаболизміне байланысты. Орта есеппен сағатына 200-ден 600 калорияға дейін өлтіруге болады. Бірақ бастысы - сандар емес, жаттығудан кейінгі ұзақ әсер. Мұндайдан кейін ағзада EPOC (жаттығудан кейін оттегіні артық тұтыну) процесі іске қосылады, сол арқылы дене тыныштық кезінде де калорияны сөндіре береді.

Күш жаттығулары туралы аңыздар

Фото. Shutterstock.com. Автор. Thanumporn Thongkongkaew

Қате түсінік— «тез бұлшық ет өсіп, дене тым ірі болып кетеді»деп ойлау. Көптеген әйелдер гантель көтерсем, денем көлемді болып кетеді деп қорқады. Бірақ арнайы тамақтану мен гормондық ерекшеліктерсіз мұндай нәтижеге жету өте қиын. Керісінше, бұл жаттығулар денеңізді тартылған, мықты етіп қалыптастырады, гормоналды тепе-теңдікті жақсартып, қартаю процесін баяулатады.

Тағы бір қате түсінік — бұл жаттығулар жүкті әйелдерге немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарға жарамайды деген ой. Іс жүзінде жаттығу бағдарламаларына оңай бейімделуге болады: болашақ аналар үшін жамбас бұлшық еттерін күшейту маңызды, ал жарақат алған жандар жеңіл жаттығулар таңдайды. Дегенмен, бұған дейін міндетті түрде маманмен кеңесу керек.

Неліктен күш жаттығулары маңызды?

Күш тек ауыр сөмке көтеру үшін ғана қажет емес. Зерттеулерге сәйкес, мұндай жаттығулар мидың жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады, сондай-ақ күйзеліспен күресуге көмектеседі. Бұдан бөлек, сүйек пен буын саулығын сақтап, остеопороздың алдын алады. Сондықтан егер сіз күш жаттығулары тек бодибилдерлерге арналған деп ойласаңыз, оларға басқа қырынан қарап көріңіз. Сіздің денеңіз (және санаңыз) сізге алғыс айтады!

Harper’s BAZAAR UK ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Shutterstock.com. Автор. Thanumporn Thongkongkaew

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше