«КешYOU» тобы АҚШ-ты бағындырмақ! Баян Алагөзова қазіргі таңда шәкірттерімен бірге Америка Құрама Штаттарында жүр. Продюсердің мұхит асуына себеп — бейнебаян таспалап, танымал әртістпен дуэт жазу. Бүгінде Лос-Анджелес қаласынан оқырмандарына есеп беріп жүрген Баян Мақсатқызы процессті қалт жібермей бөлісіп отыр. Алагөзова іссапарға командасынан бөлек, анасы, күйеуі және кенже қызын алып кеткен.

Баян Алагөзова «КешYOU» фит жазған әртісті құпия ұстап отыр. Десе де, әйгілі американдық рэпер Snoop Dogg қыздармен парақшасына видео жүктеп тыңдармандарын таңқалдырып қойды. Әртістердің сахналық образына қарағанда дуэт дәл осы Snoop Dogg-пен бірге жүзеге асқандай.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @snoopdogg

Поделиться: