КешYOU тобының құрамы тағы да өзгерді! Баян Алагөзова гёрлз-бэндте өнерпаздарды ауыстырғанын мәлімдеді. Еске салсақ, КешYOU шоу-бизнесте 18 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Баян Мақсатқызы қамқорлығына алған шәкірттерін инстаграм парақшасында таныстырды. Продюсер қыздардың фотосуретін жүктеп, брендке айналған топтың солисттері ауысқанымен жұмысы тоқтамайтынын айтты.

Жаңа құрамның мүшесі – Диана. Ақтөбелік ару 22 жаста. Оның желідегі парақшасы — divadi.di. Небәрі 6 мыңға жуық оқырманы бар өнерпаз модель ретінде де жұмыс істейді. Диана Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын тәмамдаған.

Фото. Instagram @divadi.di

SAGDI – КешYOU тобының жаңа құрамына кірген қыздардың бірі. Еске салсақ, жас өнерпаз соло әртіс ретінде бірнеше жылдан бері сахнада жүр. Ол тіпті BEU fest сынды ауқымды фестивальдерде де өнер көрсетіп үлгерген. SAGDI Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Фото. Instagram @b.sagdiana

Ләззат Сұлтанова – 2019 жылдан бері КешYOU тобында өнер көрсетіп келеді. Әнші құрамда қалды. Еске салсақ, Ляззат алғаш «Ұят емес» бейнебаянымен дебют алған болатын.

Фото. Instagram @lyaz_sultanova


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @keshyou_official

Поделиться: