«Кезек маған келген сияқты»: ACE ұзақ уақыт жасырған сүйіктісін көрсетті! Ғашығы өнер адамы ма?
Фото. Instagram @acetagrammy.

«Кезек маған келген сияқты»: ACE ұзақ уақыт жасырған сүйіктісін көрсетті! Ғашығы өнер адамы ма?


ALEM мен ZAQ-тан кейін енді кезек ACE-ке келді. «Ninety One» тобының мүшесі Азамат Ашмақын (ACE) өзінің сүйіктісін көпшілікке алғаш рет көрсетті. Өнерпаз Instagram парақшасында ерекше видеомен бөлісіп, жанкүйерлеріне тосын сый жасады.

ACE көп уақыт бойы өмірлік серігін жұртшылықтан жасырып келген еді. Алайда жуырда жарық көрген «MINEZIN» трегін сүйіктісіне арнағанын мойындады. Тіпті композицияның контентінде де дәл осы қызды байқауға болады.

Ал Азаматтың жүрегін жаулаған арудың есімі – Нурила. Қазіргі уақытта ол атқарушы продюсер қызметін атқарады. Әсіресе әртістермен бірге жұмыс істеп, клип түсірілімдерін ұйымдастырумен айналысады.

ACE сезімге толы жазбасында:

«Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді. Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Жарық махаббатқа толы өмір сүріңіздер. Бақытты болыңыздар! Баршаңызға бақыт тілеп жүр едім, енді кезек маған келген сияқты. Танысып қойыңыздар — Нурила», — деп бөлісті.

EagleZ бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас жұпқа жүрекжарды тілектерін жаудырып жатыр.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше