«Өмірдің мәні — махаббат»: ALEM ішіндегі сезімін жаңа әуенімен жеткізді! Трек хит бола ма?
Фото. Instagram @xcialem.

«Өмірдің мәні — махаббат»: ALEM ішіндегі сезімін жаңа әуенімен жеткізді! Трек хит бола ма?


Бүгінгі таңда музыкалық чарттардың көшін бастап, тыңдарманның құлаққабында жүрген – ALEM. «Ninety One» тобының мембері соло шыққалы бері трендтен түспей келеді. Жеке репертуарында небәрі 3 трек болса да, өнерпаз ауқымды фестивальдердің хедлайнеріне айналды. Батырхан Мәлік араға 3 ай салып жаңа ән ұсынды. «MAHABBAT» атауына ие болған лирикалық композицияны Батыр сүйіктісі Вероника Жанғаловаға арнаған.

«Бұл ән арқылы адамды шынайы әрі тірі ететін сезімді жеткізгім келді. Айтуға қиын, бірақ жүрекпен оңай сезілетін сөздер әуенге айналды. Жүректеріңізге жол табады деп сенемін.», - деп ALEM желіде жазба қалдырған. Сондай-ақ, музыкант жарымен түскен түрлі естелік видеоларын жүктеп, көптің сүйіспешілігін оятты.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше