Осы маусымда ақ түсті сөмкелердің қайтадан трендке айналғанына біз еш таңғалмаймыз. Біріншіден, бұл әдемі әрі бейтарап реңк кез келген образды сергітіп, жазғы реңк береді. Екіншіден ешқашан сәннен қалмайтын классика (келесі жылы да сұранысқа ие болатын аксессуарлар қатарынд қалатыны анық). Дизайнерлер сүт түстес реңктерді ультратрендті пішіндермен үйлестіруде — мысалы, «шелек», хобо немесе East-West деп аталатын ұзын формалармен. Біздің гид - кең көлемді сөмкелер де, клатчтар да, күнделікті қолдануға ыңғайлы шағын модельдер ұсынады. Осындай стильді әрі минимализмге сай ақ сөмкелерді гардеробыңызға қосатыныңызға сенімдіміз.
Tory Burch
Clare V.
Freja
The Row
Alaïa
Reformatio
Gucci
DeMellier
Cuyana
Kaai
Loewe
Polène x Róisín Pierce
Harper’s BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.