Аспан түстес қабақ бояуы — назарсыз қалдыруға болмайтын must-have
Фото. Spotlight брендінің баспасөз қызметі. Shutterstock. Автор. DinaMalshakova

Аспан түстес қабақ бояуы — назарсыз қалдыруға болмайтын must-have

31 марта 2026

Harper’s BAZAAR мәліметінше, соңғы жылдары танымал болған clean girl эстетикасы біртіндеп сән сахнасынан кетіп барады. Көптеген сәнқойлар енді минималистік образдардан шаршап, жаңа әрі жарқын шешімдерді таңдауға дайын. Әсіресе, жаз мезгілі жақындаған сайын батыл әрі көңілді макияжға сұраныс артып келеді. 1980-жылдардың стилі қайтадан сәнге оралып, соның бір дәлелі — көгілдір және көк реңкті көз бояуларының қайта танымал болуы. Harper’s BAZAAR Kazakhstan бұл жарқын бьюти-трендпен жақынырақ таныстырады.

2026 жылғы көктем-жаз маусымына арналған сән апталықтарында көптеген визажистер модельдердің көз макияжына ерекше назар аударды. Олар қабаққа мұздай көк, лазурь және жалбыз түстес реңктерді қолданды. Бірі көзді қарындашпен айқындаса, енді бірі көлеңке арқылы тереңдік қосты, ал кейбірі қабаққа еркін жағылған бояу штрихтарын пайдаланды. Нәтижесінде образдар ерекше, креативті әрі есте қаларлық болды. Бұл тренд алғаш рет өткен жылы байқала бастағанымен, дәл 2026 жылдың басында толық қалыптасқан сән бағытына айналды. Тіпті Chanel бренді де осы үрдіске орай джинс реңктерінен құралған арнайы макияж топтамасын ұсынды. Көк және көгілдір түстердің ерекшелігі — олар бір жағынан бейтарап әрі базалық реңктер саналады, ал екінші жағынан образға жарқындық пен серпін береді. Сонымен қатар, бұл түстер көздің түрлі реңктерін әдемі айқындайтындықтан, визажистер арасында да, сәнқойлар арасында да ерекше сұранысқа ие.

Визажистер ең алдымен бет терісінің мінсіз әрі тегіс реңкіне ерекше көңіл бөлуге кеңес береді. Сондай-ақ, құрғақ (сусымалы) бояулардың төгіліп кетпеуі және макияждың ұзақ сақталуы үшін праймер немесе кремді көз бояуларын қолдану маңызды.

Кофе түстес реңктер лазурь палитрасымен үйлескенде ерекше әрі күтпеген әсер қалдырады. Сондықтан түрлі түстерді үйлестіруден қорықпай, батыл тәжірибе жасап көруге болады.

Егер макияжда басты акцент көзге түсетін болса, онда ерін бояуы бейтарап реңктерде болғаны дұрыс. Ерінге арналған май немесе жылтыр (блеск) нәзік глянец әсерін береді, ал қызыл немесе таңқурай түстес қанық помадалардан бұл жағдайда бас тартқан жөн.

@nazliayunus 🩵✨✨✨✨ @Dolce&Gabbana eyeshadow #blueeyeshadow #eyeshadow ♬ som original - jô

Марапаттау маусымында біз жарқын көз макияжымен ерекшеленген бірнеше селебритидің образдарын көрдік. Дегенмен, ол кезде көбіне лаванда түстес реңктер қолданылған еді. Ал мамандардың пікірінше, аспан түстес көгілдір көз бояулары да қызыл кілемдегі образдарға да, күнделікті стильге де өте үйлеседі. Ең бастысы — өзіңізге ұнайтын және сіздің келбетіңізге сай келетін макияж техникасын табу


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше