«Грэмми» иегері Иманбектің фотосы Нью-Йорк көшелерінде ілінді

06 марта 2023

Иманбек енді Нью-Йоркта! Музыканттың суреті «Таймс-сквер» алаңында ілініп тұр. Онда өнерпаздың, әнші Тревор Дэниелмен бірге ұсынған In The Morning трегіне жарнама жасалған. Зейкенов мұндай қуанышты жаңалықты өзінің инстаграм парақшасында бөлісті.

«Грэмми» иегері дәл осы мүмкіндік үшін 300 Entertainment және Effective Records музыкалық лейблына алғысын білдірді.

Еске салсақ, Манхэттен орталығында орналасқан «Таймс-сквер» алаңы Нью-Йорк қаласының символы. Онда статистика бойынша жылына 50 миллионнан астам халық өтеді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @imanbekmusic

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше