Көпшілік жиі жіберетін әтір жағудағы қателіктер
Фото. Shutterstock.com. Автор. Ariadna Nevskaya.

Көпшілік жиі жіберетін әтір жағудағы қателіктер

16 апреля 2026

Хош иістің бірден толық ашылмайтыны белгілі: ол уақыт өте келе терімен әрекеттесіп, әр адамда әрқалай сезілуі мүмкін. Сондықтан тек қандай парфюм таңдағаныңыз ғана емес, оны қалай жағатыныңыз да маңызды. Төменде хош иістің тұрақтылығы мен сапалы ашылуына кері әсер ететін ең жиі кездесетін қателіктерді жинадық.

№1 қате: әтірді үйден шығар алдындағы соңғы штрих ретінде жағу

Көпшілік әтірді дайындалып болған соң, үйден шығарға бірер минут қалғанда сеуіп жатады. Алайда бұл — ең сәтті тәсіл емес. Өйткені парфюм бірден толық ашылмайды: алдымен тек жоғарғы ноталар сезіледі, ал негізгі реңктері сәл кейінірек білінеді.

Сондықтан хош иісті алдын ала жаққан дұрыс. Сонда сіз үйден шыққан сәтте ол өзіне тән әуенін аша бастап, дәл ойластырылғандай естіледі.

Ошибки в нанесении духов, которые совершают почти все
Фото. Shutterstock.com. Автор. New Africa.

№2 қате: әтірді тек білезікке жағу

Білек шынымен де хош иіс жағатын классикалық аймақтардың бірі. Бірақ бұл — жалғыз нүкте емес. Әтір дененің басқа да жылы тұстарында жақсы ашылады: мойын, құлақтың арты, бұғана тұсы және шынтақтың ішкі бүгілісі.

Бұдан бөлек, көпшілік біле бермейтін аймақтар да бар: мысалы, тізенің арты, тобық маңы немесе бел тұсы. Әсіресе ыстық күндері дәл осы жерлерден хош иіс біртіндеп жоғары көтеріліп, одан да қызығырақ ашылады.

№3 қате: әтір жаққаннан кейін оны ысқылау

Бұл — ең жиі жіберілетін қателіктердің бірі. Көп адам әтір сепкен соң екі білезігін бір-біріне автоматты түрде үйкеп жібереді. Бірақ бұлай істеуге болмайды.

Кез келген парфюмнің өз құрылымы бар: жоғарғы, ортаңғы және базалық ноталар. Сіз оны ысқылаған кезде үйкеліс пен жылу пайда болып, хош иістің алғашқы ашылуын бұзуы мүмкін. Сондықтан әтірді жай ғана сеуіп, өздігінен кебуіне мүмкіндік берген дұрыс.

Ошибки в нанесении духов, которые совершают почти все
Фото. Shutterstock.com. Автор. IRINA CHETVERIKOVA.

№4 қате: әтірді тек құрғақ теріге жағу

Шын мәнінде, хош иіс жақсы ылғалданған теріде әлдеқайда ұзақ сақталады. Крем немесе жеңіл май парфюмнің теріде ұзақ тұруына көмектеседі. Сондықтан әтір жақпас бұрын иіссіз ылғалдандырғыш крем қолдану — өте тиімді тәсіл.

№5 қате: әтір неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы

Кейде хош иісті өзіңіз тез сезбей қалсаңыз, оны бірден ұшып кетті деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ мәселе әрдайым парфюмде емес. Көп жағдайда бұл — иіс сезудің уақытша бейімделуі, яғни мұрын белгілі бір иіске үйреніп, оны байқамай қалады.

Сол себепті көпшілік парфюмді қайта-қайта жаңартып, ақырында шамадан тыс сеуіп жібереді. Ал бұл хош иістің әсерін күшейтпейді, керісінше айналадағы адамдарға тым ауыр болып сезілуі мүмкін.

Harper's BAZAAR India мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше