Дерматологтар мен косметологтар мойын аймағына әрдайым ерекше күтім қажет екенін айтып келеді. Сондықтан көптеген брендтер дәл осы бөлікке арналған арнайы өнімдер жасауға бар күшін салды. Әрине, бұл бағытта кореялық маркалар көш бастап тұр. Оңтүстік Корея брендтерінің мойынға арналған косметикалық өнімдері жоғары тиімділігімен танымал. Олар терінің тонусын арттырып, терең ылғалдандырады және әжімдердің көрінуін азайтуға көмектеседі. Мойын күтіміне арналған крем, сарысу және маска таңдағанда, коллаген түзілуін ынталандыратын, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын әрі ылғал қорын толықтыратын белсенді компоненттері бар өнімдерге назар аударған жөн. Оңтүстік Кореялық брендтер көбіне теріге жұмсақ әсер ететін, бірақ көзге көрінетін нәтиже беретін ингредиенттерді қолданады. Мұндай құрамдар тітіркену мен зақым келтірмей-ақ тері сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мамандар мойын терісін үнемі жақсы ылғалдандырып, оны ультракүлгін сәуледен қорғаудың қаншалықты маңызды екенін де еске салады. Ең бастысы — бұл күтімді ұрақты түрде жасау. Сонда ғана көңіл қуантатын нәтижені байқайсыз. Harper’s BAZAAR Kazakhstan мойын күтіміне арналған, өз тиімділігін дәлелдеген косметикалық өнімдерді ұсынады.
IOPE
Sulwhasoo
ANUA
CKD
KAHI SEOUL
TOSOWOONG
Torriden
Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.