қысқы косметологиялық процедуралар
Фото. Shutterstock.com. Автор. BearFotos.

Қыс мезгілінде қандай косметологиялық процедураларды жасаған дұрыс?

19 января 2026

Бір қарағанда, қыста күннің зияны аз, ал дене қалың киімнің астында. Демек, осы кезеңде бьюти-қызметтерден бас тартсақ болады. Бірақ олай емес. Суық, күн белсенділігінің төмен болуы және тыныш қалпына келу мүмкіндігі бұл маусымды терімен жұмыс істеуге ең қолайлы кезеңге айналдырады. Ендеше, қыста қандай косметологиялық процедураларды жасаған жөн? Harper's BAZAAR Kazakhstan айтып береді.

Лазерлік процедуралар

Какие косметологические процедуры лучше делать зимой?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Sidorov_Ruslan.

Пигменттік дақтарды, постакне іздерін, тыртықтарды кетіру немесе терең әжімдермен жұмыс — мұның бәрі көбіне лазер арқылы жасалады.

Осындай араласулардан кейін тері өте сезімтал болып, күн сәулесіне аса осал болады. Белсенді күннің астында аз уақыт тұрудың өзі күйікке не жаңа пигменттік дақтардың шығуына себеп болуы мүмкін. Қыста бұл тәуекел ең төмен деңгейде.

Тағы бір маңызды жайт — күнге күйген рең. Қоюлау тері лазерге нашаррақ жауап береді, сондықтан процедураның әсері әлсізірек болуы мүмкін. Қыста дерма әдетте ашықтау болады, демек, нәтиже айқынырақ көрінеді.

Химиялық пилингтер

Какие косметологические процедуры лучше делать зимой?
Фото. Shutterstock.com. Автор. SVStocker.

Пилингтер тері өңін біркелі жасайды, пигментацияны азайтады, бетке сергектік беріп, оны тегістей түседі. Оларды тек бетке ғана емес, мойынға, декольте аймағына және қолға да жасайды — күннен көп зардап шегетін бөліктер.

Процедураның мәні — терінің жоғарғы қабатын бақыланатын түрде жаңарту. Содан кейін ол жұқарады әрі сезімталданады, ультракүлгіннен қорғанысы әлсірейді. Сол себепті пилингтерді күзден көктемге дейінгі кезеңге жоспарлаған дұрыс.

Қыста тері әлдеқайда тыныш қалпына келеді, ал жазғы күннің салдарын — құрғақтықты, күңгірттікті, дақтарды — дәл осы уақытта жұмсақ түзетуге болады.

Тері түзілістерін алып тастау

Какие косметологические процедуры лучше делать зимой?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Rabizo Anatolii.

Милиумдар, папилломалар, липомалар және өзге де қатерсіз түзілістер көбіне нақты проблемадан гөрі эстетикалық қолайсыздық тудырады. Оларды жылдам әрі, әдетте, тігіссіз алып тастайды. Тері өздігінен жазылады.

Процедураның қарапайымдылығына қарамастан, алып тастаудан кейінгі ультракүлгін сәулесі араласу аймағындағы дерманың қарайюына түрткі болуы мүмкін. Қыста бұл қауіп едәуір төмен, демек, процедурадан қалған іздер де азырақ байқалады.

Аяқтағы тамыр жұлдызшаларын жою

Какие косметологические процедуры лучше делать зимой?
Фото. Shutterstock.com. Автор. RossHelen.

Тамыр жұлдызшаларын жою — суық маусымда жасаған ақылға қонымды тағы бір процедура.

Мұндай араласудан кейін әдетте компрессиялық трикотаж кию керек, ал қыста оны кию әлдеқайда жайлы. Оның үстіне, ыстық ісінуді күшейтіп, тамырларды айқынырақ көрсетеді және қалпына келуді баяулатады. Қыста аяқтар азырақ шаршайды, жазылу процесі де тыныш өтеді.

Какие косметологические процедуры лучше делать зимой?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Pixel-Shot.

Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше