Азиялық брендтердің зертханалары шаштың өзіне емес, ең алдымен бас терісінің саулығына ерекше көңіл бөлетінін сіз де естіген боларсыз. Өйткені мамандардың пікірінше (және бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген), шаштың сапасы мен өсуі тікелей бас терісінің жағдайына байланысты. Сондықтан корейлік шаш өсіруге арналған өнімдерге сұраныс жыл сайын артып келеді. Олардың құрамында көбіне бет терісіне арналған күтімде кеңінен қолданылатын белсенді ингредиенттер кездеседі. Иә, олар бас терісіне де тиімді әсер етеді. Мысалы, гиалурон қышқылы, пептидтер және вегандық PDRN теріні ылғалдандырып, қалпына келтіруге көмектеседі. Ал розмарин, биотин және салицил қышқылы шаш түбірін нығайтып, фолликулалардың белсенді жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Дегенмен мамандар тек косметикалық құралдарға ғана сеніп қалмауға кеңес береді. Шаштың ұзын әрі сау болып өсуі — кешенді күтімнің нәтижесі. Ол үшін ақуызға бай теңгерімді тамақтану, сапалы ұйқы, күйзелісті басқару және шашты зақымдамайтын жұмсақ үлгілеу тәсілдері маңызды. Егер сіз де әдемі, қалың әрі сау шаш өсіргіңіз келсе, күтімді дұрыс таңдаудан бастаңыз. Бұл ретте Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұсынған гид сізге сенімді бағыт-бағдар береді.
Dr. Groot
Ryo
Seapuri
Aromatica
Steambase
Harper's BAZAAR UK ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.