Қызыл кілемнен тыс қалған жұлдыздар: Met Gala кешіне мүлдем бармаған әйгілі есімдер
Фото. Shutterstock.com. Автор. Featureflash Photo Agency.

Қызыл кілемнен тыс қалған жұлдыздар: Met Gala кешіне мүлдем бармаған әйгілі есімдер

06 мая 2026

Met Gala сән әлеміндегі ең шулы әрі ең сән-салтанатты кештердің бірі саналса да, барлық жұлдыздар оның қызыл кілеміне шығуға асыға бермейді. Жыл сайын мамырдың алғашқы дүйсенбісінде көпшіліктің назары қонақтар тізіміне ауады. Бірақ одан да қызығы — осы кешке әлі күнге дейін қатыспаған танымал есімдер. Мәселен, 2026 жылы ең көп талқыланған дебюттердің бірі Мерил Стрип болуы мүмкін еді. Үш мәрте «Оскар» иегері дәл қазір The Devil Wears Prada 2 фильмінің шығуына байланысты көпшіліктің назарында жүр. Сондықтан бұл оның Met Gala-дағы алғашқы шығуына тамаша мүмкіндік сияқты көрінген. Алайда сыбысқа қарағанда, жаңа төрағаларға байланысты актриса кешке қатысудан бас тартқан. Harper’s BAZAAR Kazakhstan материалында Met Gala-ға бірде-бір рет бармаған өзге де жұлдыздар туралы айтылады.

Тізімнің алғашқысы — Бритни Спирс. Әнші мұндай ауқымды шаралардан әдейі бойын аулақ ұстайды. Ол 2022 жылы үйде қалып, ванна қабылдап, пижама киіп, кешті итімен бірге өткізуді жөн көргенін айтқан еді. Сонымен қатар, Бритни ұшақпен жиі саяхаттауды ұнатпайды, бұл да оның шешіміне әсер ететіні анық.

Вы удивитесь, но эти звезды ни разу не были на Met Gala!
Фото. Shutterstock.com. Автор. Everett Collection.

Ақсүйектер әулетінің отбасы мүшелері арасында да бұл кешке қатысу өте сирек кездеседі. Меган Маркл да, Кейт Миддлтон да Met Gala шарасында ешқашан болмаған.

Шара тарихында британдық корольдік әулеттен тек Диана Ханшайым (1996 жылы) және Беатрис Ханшайым (2018 жылы) ғана қатысқан болатын.

Мэрайя Кэри көпшілік алдына шығуға ерекше қарайтынымен танымал. Сондықтан ол тым шулы әрі қарбалас кештерді ұнатпайтын болуы мүмкін.

Вы удивитесь, но эти звезды ни разу не были на Met Gala!
Фото. Shutterstock.com. Автор. lev radin.

Адель көбіне гастрольдік турларына немесе резиденцияларына байланысты Met Gala-ны өткізіп жібереді. Жалпы, әнші жаңа альбом немесе жоба шықпаған уақытта артық назардан аулақ жүргенді жөн көреді.

Вы удивитесь, но эти звезды ни разу не были на Met Gala!
Фото. Getty Images. Автор. Gareth Cattermole.

Дженнифер Энистон үшін мұндай кештер үлкен стресс тудырады. Ұзақ дайындық, кешкі көйлектер және үнемі назар ортасында болу — актрисаға ләззаттан гөрі мазасыздық сыйлайды. Сондықтан біз оны Met Gala қызыл кілемінен әлі көрген жоқпыз.

Вы удивитесь, но эти звезды ни разу не были на Met Gala!
Фото. Shutterstock.com. Автор. Kathy Hutchins.

Drake бұл тақырыпты тіпті өз әндерінде де қозғаған. Рэперге кештегі қонақ санына қойылатын шектеу ұнамайды: ол «plus one»-мен емес, үлкен командасымен келгенді қалайды.

Вы удивитесь, но эти звезды ни разу не были на Met Gala!
Фото. Shutterstock.com. Автор. s_bukley.

Ал кейбір жұлдыздардың өмірлік қөзқарастары мүлде бөлек. Анджелина Джоли қызыл кілемге көбіне фильмдерінің премьерасы немесе қайырымдылық жобалары үшін ғана шығады. Брэд Питт те осы ұстанымды қолдайды — ол сән кештерінен гөрі тұсаукесерлер мен марапаттау рәсімдерін ғана таңдайды.

Вы удивитесь, но эти звезды ни разу не были на Met Gala!
Фото. Shutterstock.com. Автор. Everett Collection.

Бір қызығы, Уилл Смит пен Джада Пинкетт-Смит те Met Gala-ға бірде-бір рет қатыспаған. Десе де өнер иелерінің балалары — Джейден және Уилоу шараның қадірменді мейманы атанып үлгерді.

Вы удивитесь, но эти звезды ни разу не были на Met Gala!
Фото. Shutterstock.com. Автор. Tinseltown.

Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше