Тұрлаусыз түстер үйлесімі
Фото. Spotlight; Shutterstock. Авторлар: wing-wing, avni design, RNRONI, Oqbas және DinaMalshakova

Түстер бүлігі: гардеробыңыздағы тұрлаусыз түстер үйлесімі

Мария Бурлака
25 августа 2026

Сіз, әрине, әлеуметтік желілерде фэшн-блогерлер, интерьер дизайнерлері мен сәнқойлардың суретші Сандзо Ваданың жапон түстер үйлесімдері сөздігін қалай пайдаланатынын көрген боларсыз. Онда қолданушылар ең небанальді әрі жаңаша идеяларды табады. Harper’s BAZAAR Kazakhstan да батыл эксперименттерге дайын. Біздің материалдан гардеробқа қосуды қалайтын, қарапайымнан күрделіге дейінгі тұрлаусыз түстер үйлесімдерін табасыз. Сізді жаңалыққа шабыттандырамыз.

Шабдалы + көгілдір

Гардеробыңыздағы тұрлаусыз түстер үйлесімі
Фото. Chloé, Manolo Blahnik, Cult Gaia және SAINT LAURENT баспасөз қызметтері

Нәзік реңктер бірге келгенде әсем де әйелдік тандем жасайды. Тіпті күзде, ауа райы тұнжырай бастағанда да мұндай үйлесім жазды, теңіз жағасындағы серуенді, алғашқы кездесуді және арманды еске салады. Суық және жылы реңктердің қарама-қарсылығы өте тың көрінеді.

Бордовый + жалбыз түсті

Гардеробыңыздағы тұрлаусыз түстер үйлесімі
Фото. &Daughter, Burberry, Dries Van Noten және JENNIFER BEHR баспасөз қызметтері

2010-жылдары аса танымал болған жалбыз түсі сән әлемінде қайтадан өз орнын талап ете бастады. Көптеген брендтер бұл сергіткіш, сәл мұзды реңкке назар аударып жатыр. Оны алдағы маусымда соңғы жылдары трендтен түспеген бордовый «жылытуға» ниетті. Нәтижесінде өзге палитралардың аккомпанементін қажет етпейтін, батыл әрі бір мезетте салмақты бейне шығады.

Күлгін + лила + қызыл

Гардеробыңыздағы тұрлаусыз түстер үйлесімі
Фото. Valentino, LOEWE, Bottega Veneta және Gianvito Rossi баспасөз қызметтері

Пьерпаоло Пиччоли түстермен шебер жұмыс істей біледі. Бұрын ол бұл шеберлігін Valentino шоуларында көрсетсе, бүгінде Balenciaga-да жалғастыруда. Күлгін, лила және қызылды араластыру идеясын оның жуырдағы Haute Couture көрсетілімінен алдық. Сезімтал әрі жарқын палитралар бірге келгенде үйреншіктіден шығып кетуге көмектеседі. Мұны кутюр подиумынан тыс та жасауға болады.

Алмұрт түсті + сүттей ақ + апельсин түсті

Гардеробыңыздағы тұрлаусыз түстер үйлесімі
Фото. Alaïa, The Row және Bottega Veneta баспасөз қызметтері

Иіс аңқыған тәтті жемісті пирог пісірмесеңіз де, осы реңктер симбиозына назар аударуға тұрарлық. Әсіресе қазір, күз таяп қалғанда, сырт киім образдың басты рөлін ойнауы мүмкін. Сәл жарқындық ешкімге зиян емес.

Лаванда + шабдалы + алқызыл + фуксия

Гардеробыңыздағы тұрлаусыз түстер үйлесімі
Фото. DSQUARED2, KHAITE, Maison Margiela және STAUD баспасөз қызметтері

Күрделі реңктердің қосындысы өте батыл әрі өзгеше көрінеді. Бұған дағарақ силуэттерді қоссаңыз, ұмытылмас киім шығады. Тұрлаусыз түстер үйлесімі аутфиттерге жаңа тыныс беру үшін қажет. Сондықтан кейде образды жаңаша құлпырту үшін бірнеше өңді аксессуардың өзі жеткілікті. Буквально.

Қара + ақ + изумруд + қызғылт

Гардеробыңыздағы тұрлаусыз түстер үйлесімі
Фото. FFORME, SportMax, KHAITE, Issey Miyake және Proenza Schouler баспасөз қызметтері

Миучча Прада — жапон суретшісі Сандзо Ваданың тағы бір жанкүйері. Сондықтан Prada көрсетілімдерінде жиі сол культті палитра гидінен алынған үйлесімдерді көруге болады. 2026 жылдың күз-қыс шоуында біз тіпті кеңсеге арналған іскери образды да қызғылт пен изумруд арқылы тосын етіп жасауға болатынын байқадық. Ескеріп қоямыз.

Көгілдір + сирень түсті + шартрез + теңіз толқыны

Гардеробыңыздағы тұрлаусыз түстер үйлесімі
Фото. ERDEM, WARDROBE.NYC, TOM FORD және Manolo Blahnik баспасөз қызметтері

Шырынды комбинация әрдайым теңіз бен жылы елдерді еске салады. Айтпақшы, реңктердің үлес салмағына қарай образдың мінезі де өзгеруі мүмкін. Мысалы, шартрез түстес белдемшені соның сирень гаммасындағы нұсқасына алмастырсаңыз, аутфит сәл мұздырақ сипат алады.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше