«90% ұрысты шығаратын мен»: Вероника Жанғалова отбасындағы кикілжің жайлы ашып айтты

31 июля 2023

«Біздің отбасымызды үлгі тұтқандарыңызды қаламаймын». Ninety One тобының мүшесі Батырхан Мәліктің жары Вероника Жанғалова желіде отбасындағы мәселелермен бөлісті. Fashion блогер күйеуі Alem-мен арада жиі кикілжің туындайтынын жасырмайды. Сылқым тіпті «ұрыс-керістің 90%-ын шығаратын өзім», - деп отыр.

Фото: Instagram @_zhangalova

Инстаграмда Верониканың оқырмандарының бірі: «Күйеуіңізбен қарым-қатынаста түсініспеушіліктер жиі бола ма және оны қалай шешесіздер?», - деген сұрақ қойған. Блогер шаңырақ көтергелі бір-бірімізді тыңдауды, әр жағдайда әркім өз ойын айтуды және бірі-бірімізден кінә іздемеуді, мәселеден қашпауды үйрендік дейді. «Бұл әрекеттің барлығы ұрыс-керіс кезінде сабырлық танытып, сүйіктіңді ренжітіп алмауға көмектеседі», - дейді Жанғалова.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @_zhangalova

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше