Онлайн беташар! Мақпал Исабекова жұрт көзінен тасада ұстаған күйеуін көпшілікке көрсетті. Ресми түрде жарының жүзін ашып, желіге жүктеген Мақпал: «Танысып қойыңыздар, Теодор мен Илаяның әкесі — Родион Викторович», — деп ұзақ жылдар бойы жиналып қалған фотосуреттерін салды. Таяуда ғана екінші сәбиін босанып, бүгінде декреттік демалыста отырған әнші жұбайының бейнесін 3 жыл бойы жасырып келді. Еске салсақ, Исабекова 2021 жылы тұрмысқа шыққан болатын.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @makosyai.