Мақпал Исабекова жеке өміріне қатысты жаңалықтарымен бөлісті. Бүгінде декреттік демалыста отырған әнші фолловерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Мақпалға көбінде күйеуіне қатысты сауалдар түседі. Бұл тақырыптан шаршаған өнер иесі инстаграмдағы stories-ына бар шындықты жайып салды.

«Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. «Қайда?» «Көрсет», «Бар ма өзі»», «Неге салмайсың?», «Ажырастың ба» деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? «Бар ма? Жоқ па?» деген сұрақ талай рет қойылды», — деп Мақпал Исабекова оқырмандарына ренішін білдірді.

Сонымен қатар, Исабекова бүгінде күйеуі қайда екенін білмейтінін айтып қалды. «Оны бұрын көрмегендей айтасыздар. Оның қайда екенін білмеймін. Біз бірге тұрмаймыз», — деп Мақпал фолловерлерден мұндай сұрақтардың қойылмауын сұрады. Фанаттарының алдында жан сырын ақтарған әншінің жұбайымен ажырасып кетті деп ойлайтындар да бар көрінеді. Бұл орайда Исабекова ресми мәлімдеме жасамады.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @makosyai.

Поделиться: