«Мен тоқал емеспін!» Жанар Дұғалова өзгенің шаңырағын шайқалтып, отбасын ойрандайтын сылқымдар қатарында емес екенін айтады. Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Nege media порталына сұқбат берді. Өнер иесі интервью барысында жеке өміріне қатысты ақпараттарды да жасырмады.

Жанар Дұғалова

Соның бірі, Жанар туралы айтылатын қауесет. Кезінде әншіні Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекпен көңіл жарастырды деген қаңқу әңгіме тараса керек. Дұғалова бұл пікірді жоққа шығарып: «Мен ешкімнің тоқалы болған емеспін және болмаймын да. Бұл менің тектіден алған тәрбиеме жат, тіпті ойлаудың өзі ұят.», — деп нүктесін қойған. Сондай-ақ, эстрада жұлдызы шығармашылықта неге белсенділік танытпай жүргені жайлы сұраққа былай жауап берген:

«Көбіне өз жанымнан туындаған әндерді шырқайтын болғандықтан, шабытым болса – жазамын, болмаса – жазбаймын. Сондықтан ешкімнің бағыт-бағдар беруінсіз өз еркіммен жұмыс істеп жүрмін. Директорым бар, бірақ жеке продюсерім жоқ. Мен – шығармашылықта да, өнерде де жалғыздықтан қорықпайтын адаммын. Бастысы, Алла жар болсын деймін»


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: