Мақпал Исабекова күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді
Фото. Instagram @makosyai

Мақпал Исабекова күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді

Гүлдана Мұқан
08 марта 2026

Мақпал Исабекова жеке өміріндегі өзгерістермен бөлісіп, көпшілікке күтпеген жаңалығын жариялады. Өнер иесі күйеуімен ажырасып кеткенін айтып, бұл туралы алғаш рет ашық мәлімдеді. Әншінің айтуынша, олардың ажырасқанына бір жылдан астам уақыт өткен. Жаңалықты ол журналист Динара Сатжанға берген сұқбатында айтты. Бүгінде екі баланы тәрбиелеп отырған өнер иесі ажырасу оңай шешім болмағанын жеткізді. Оның сөзінше, ешбір адам «ажырасамын» деген оймен тұрмыс құрмайды.

«Адам ажырасамын деп тұрмысқа шықпайды. Бірақ кейде тағдырдың жазуы басқа болады», – дейді әнші.

Мақпал Исабекова жеке өміріндегі қызық сәйкестіктер туралы да айтты. Ол 14 ақпан күні оқырманына тұрмысқа шыққанын хабарлаған. Дәл осы күні екінші рет ана атанатынын да жариялаған екен. Алайда уақыт өте келе дәл сол датада сүйіктісімен екі жаққа кету туралы шешім қабылдаған. Қазір әнші шығармашылығына қайта оралып, соло жобаларын белсенді түрде қолға алды. Сонымен қатар ол бар уақытын балаларына арнап, жаңа өмір кезеңін бастап жатқанын айтады.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше