Мика Абдалла мен Джош Хьюстон кездесіп жүр ме?
Фото. Instagram @jheuston, Getty Images. Автор. Frazer Harrison.

Мика Абдалла мен Джош Хьюстон кездесіп жүр ме?

23 июня 2026

«Кампустан тыс» сериалының жұлдыздары Мика Абдалла мен Джош Хьюстонның кездесіп жүргені туралы қауесет соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Жанкүйерлер олардың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі болжам жасап жүр. Алайда бұл ақпараттың қаншалықты рас екені әзірге белгісіз. Tribune басылымының ақпараттарына сүйене отырып барлық мән-жайды айтып береміз.

Мика Абдалла и Джош Хьюстон встречаются?
Фото. Instagram @jheuston

Қауесеттің күшеюіне Миканың бұрынғы күйеу жігіті Джейк Шортпен айырылысқаны себеп болды. Ерлі-зайыпты болуға дайындалып жүрген жұп шамамен төрт жыл бойы бірге болған. 2026 жылдың маусым айының басында актрисаның өкілі олардың некеге тұру туралы шешімнен бас тартқанын растады. Дегенмен бұрынғы ғашықтар достық қарым-қатынасты сақтап қалған. Осы жаңалықтан кейін жанкүйерлер Абдалланың жеке өміріне ерекше назар аудара бастады.

Мика Абдалла и Джош Хьюстон встречаются?
Фото. Instagram @jheuston

Ал қауесеттің басты себебі — Мика мен Джоштың сериалды насихаттауға арналған сұқбаттар мен пресс-турлар кезіндегі жарасымды қарым-қатынасы. Әлеуметтік желілерде актерлердің бірге әзілдесіп, еркін сөйлесіп, бір-бірімен жылы қарым-қатынас көрсеткен видеолары кең тарады. Көптеген жанкүйер олардың экран сыртындағы химиясын романтикалық сезімдердің белгісі деп қабылдаса, енді біреулер мұны түсірілім алаңында қалыптасқан жақын достықпен ғана байланыстырады.

@tayviskins i don’t usually ship costars but omfg let them date pls 🙂‍↕️🙂‍↕️ #mikaabdalla #joshheuston #offcampus #fyp #offcampus ♬ sonido original - mia 𝜗𝜚

Алайда қызу талқылауларға қарамастан, Мика Абдалла да, Джош Хьюстон да бұл қауесеттерге қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Қазіргі уақытта олардың романтикалық қарым-қатынасы туралы ақпарат тек жанкүйерлердің болжамдарына негізделген және оны растайтын сенімді дереккөздер жоқ. Сондықтан актерлердің бірі ресми мәлімдеме жасағанға дейін бұл әңгімелерді жанкүйерлердің қиялынан туған әдемі болжам ретінде ғана қабылдаған жөн.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше