Көктемнің алғашқы айы әдетте сезімге, нәзіктікке және романтикалық көңіл күйге толы кезең ретінде қабылданады. Алайда наурыз айына арналған жұлдыз-жорамал бұл уақыт тек махаббатпен шектелмейтінін меңзейді. Бұл – мансапта алға жылжуға, адамдармен қарым-қатынасты нығайтуға және жаңа таныстықтар арқылы ортаңызды кеңейтуге таптырмас мүмкіндік. Тіпті кейбір жұлдыз белгілері үшін бұл кезең қаржылық тұрғыдан да аса сәтті болуы ықтимал.
Тоқты
Қазіргі таңда тілектеріңіз күтпеген жерден шынайы өмірде жүзеге асып жатыр. Мұның сыры – табиғи табандылығыңыз бен сирек жолығатын сәттіліктің қатар жұмыс істеуінде. Сырт көзге бәрі оңай көрінуі мүмкін, бірақ әр жетістіктің артында қаншама еңбек тұрғанын өзіңіз ғана білесіз. Осы қарқыннан таймаңыз: өзгелер жоспар құрып жүргенде, Тоқтылар нәтижеге қол жеткізіп үлгереді.
Торпақ
Қазір сіз үшін ең маңызды ресурс – ақпарат. Өзгерістерді дер кезінде байқай алған жан өзін сенімді әрі сабырлы сезінеді. Айналаңызда болып жатқан жайттарға мұқият болыңыз: бүгінгі болмашы ауытқулар ертең ауқымды өзгерістерге ұласуы мүмкін. Оларды дайын күйде қарсы алған жөн.
Егіздер
Белгісіздік сізді әрі алаңдатады, әрі өзіне тартады. Ішкі түйсігіңіз өзгеріске дайын екеніңізді сездіреді, алайда үйреншікті кедергілер алға қадам жасауға бөгет болуда. Баяғыдан бері қалыптасқан жайлылыққа байланып қалмаңыз. Кейде комфорт байқатпай тұзаққа айналып, мақсат пен амбицияны көмескі етеді. Күнделікті шеңберден шығуға мүмкіндік беріңіз – өмір жаңа мүмкіндіктермен жауап береді.
Шаян
Бұл айда қызықты ұсыныстар күткеніңізден де көп болады — әсіресе жеке өмірде. Сәттің ләззатын сезініп, ықтимал салдарға шамадан тыс алаңдамаңыз. Қазір тағдыр сыйларын қабылдап, болып жатқан дүниеден қуаныш табатын кезең.
Арыстан
Өзіңізге шынайы баға бере алуыңыз – басты артықшылығыңыз. Әсіресе әлсіз тұстарыңызды, мысалы жоспарлауға деген салғырттықты мойындай білу маңызды. Әрине, тосын әрекеттер өмірге бояу қосады. Бірақ ауқымды мақсаттарға жету үшін жүйелілік пен тәртіп қажет.
Бикеш
Наурыздағы ұстанымыңыз – асықпай, сабырмен алға жылжу. Дәл осындай тактика артық күйзеліссіз-ақ әсерлі нәтижеге жеткізеді. Тәуекелге толы шешімдерден, әсіресе жеке өмірде, сақ болыңыз: сезімге беріліп кету оңай, ал салдарын есептеу әлдеқайда қиын.
Таразы
Жұлдыз жорамал сізді көп міндетті қатар атқаруға тура келетінін ескертеді. Бұл көбіне күнделікті тұрмысқа қатысты болмақ. Барынша тиімді әрекет етуге тырысыңыз. Егер мазасыздық пайда болса, өзіңізге аз уақыт беріп, оны қабылдаңыз — содан кейін қайтадан белсенді іске кірісіңіз.
Сарышаян
Сіз тығырыққа тірелген жоқсыз, тек тым үйреншікті ортада ұзақ кідіріп қалдыңыз. Барлығы таныс болып кеткендіктен, жаңа мүмкіндіктер көзге түспей жатыр. Ортаны ауыстырып көріңіз немесе әдеттен тыс іспен айналысыңыз — сонда күш-қуат пен шабыт қайта оралады.
Мерген
Бақылауды сәл әлсіретіп, эмоцияға ерік беретін уақыт келді. Өз ойыңызды ашық айтып, ұстанымыңызды қорғаудан қорықпаңыз. Көптен бері толғанып, күмәнданумен болдыңыз — енді батыл шешімдер мен сенімді қадамдар кезеңі басталды.
Тауешкі
Сабырлығыңыз бен өз сәтіңізді күте білу қабілетіңіз тәнті етеді. Басқалар қызығушылығын жоғалтқанда, сіз енді қарқын ала бастайсыз. Дегенмен бөгде сын-пікір көңіліңізге әсер етуі мүмкін. Артық негативтен бойыңызды аулақ ұстап, өз жолыңызбен жүре беріңіз — не істеп жатқаныңызды өзіңіз жақсы білесіз.
Суқұйғыш
Алда ерекше өнімді әрі қолайлы кезең басталады: тіпті күрделі идеялардың өзі оңай жүзеге асады. Жауапкершілік сезімі күшті болғанымен, жұмыс мәселелерін сәл ысырып қойып, жеке қалауыңызға көңіл бөлуден қорықпаңыз. Бұл — шағын өзгерістерден бастап тағдыршешті қадамдарға дейін батыл баруға қолайлы уақыт. Ең бастысы — мүмкіндікті жіберіп алмау.
Балықтар
Ішкі энергияңыз тасып тұр, енді оны пайдалы арнаға бағыттау маңызды. Алайда маңызды шешімдерді асығыс қабылдамаңыз — олардың «пісіп-жетілуіне» уақыт қажет. Егер әрекет еткіңіз келсе, біртіндеп қозғалып, ең алдымен басты мақсаттарға назар аударыңыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.