Биыл Копенгагендегі күз-қыс Сән апталығы Жоғары сән апталығымен тұспа-тұс келіп, көлеңкеде қалды. Біз бұл әділетсіздікті түзетіп, скандинавиялық дизайнерлер ұсынған басты үрдістерді баяндаймыз. Әдеттегідей, олар бейнені жаңаша қылатын, экологиялық әрі тосын сән құбылыстары. Harper’s BAZAAR Kazakhstan келесі маусымда Копенгаген сән апталығынан қай трендтер танымал болатынын қазірдің өзінде біледі. Тіпті көбі оларды әлдеқайда ертерек-ақ киімдеріне енгізгісі келетіні анық.
Ішке қыстырыңыз
Етіктің ішіне қыстырылып киілген шалбарлар талқылаудың басты тақырыбына айналды. Суық маусымда шалбарды кірден жиі жуудан көпшілік шаршады. Шешім өзі-ақ табылып, әрі өте стильді шықты. Енді біз де бұл әдісті қайталағымыз келеді.
Образдың бөлшегі ретінде драпировка
Кейптер — әдемі дүние, бірақ әрдайым аса практикалық бола бермейді. Скандинавиялық модельерлер кейптерді образға ықшам әрі қолайлы етіп енгізудің жолын тапты. Нәтижесінде тосын элементтері бар сан түрлі топтар, свитерлер, тренчтер мен жакеттер пайда болды.
Аздап кружево
Кружево әрдайым классика саналады. Бірақ бүгінде оны басым етіп таңдаудың қажеті жоқ, тек акцент ретінде қолдансаңыз жеткілікті. Қалай болғанда да, нәзік те ойнақы материал аутфиттерге еркелік пен жеңілдік қосады.
Жартылай мөлдір текстуралар
Бұнымен Копенгаген Сән апталығындағы трендтер бітпейді. Денеге еркін қолжетімдік беретін транспарентті маталар сексуалдылықтың символына айналды. Егер әзірге еліктіргіш көйлектерге дайын болмасаңыз, батыл түрде белдемше не шалбар киіңіз. Кем дегенде әдемі көрінеді.
Кең иықтар
Кең иық сызығы образға жеңіл дисбаланс пен геометриялық силуэт береді. Мұны ұтымды пайдаланыңыз. Блузкалар, жейделер, топтар, тіпті көйлектер де «лукке» жан бітіретін ерекше акцент жасайды.
Мақаланың түпнұсқасын Harper's BAZAAR сайтынан осы жерден оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.