Неліктен етеккірдің алдында өз-өзімізге көңіліміз толмай қалады?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Prostock-studio.

Неліктен етеккірдің алдында өз-өзімізге көңіліміз толмай қалады?

15 апреля 2026

Көпшілік мынадай бір қызық заңдылықты байқаған шығар: бірнеше күн бұрын айнадағы бейнеңіз көңіліңізден шығып тұрғандай еді, ал етеккірдің алдында кенеттен өзіңізге ұнамай қаласыз. Бет ісінгендей көрінеді, тері бұрынғыдан нашарлағандай болады, сүйікті киіміңіз жараспайтындай сезіледі, ал өзіңізге бір қараудың өзі көңіл күйіңізді түсіріп жібереді. Мұндай күйдің де толықтай түсіндіруге болатын себептері бар.

Етеккір басталардан бірнеше күн бұрын ағза етеккір алдындағы кезеңге өтеді. Осы уақытта гормондар деңгейі, әсіресе эстроген мен прогестерон өзгеріске ұшырайды. Мұндай ауытқулар тек физикалық жай-күйге ғана емес, әйелдің өз сырт келбетін қалай қабылдайтынына да әсер етуі мүмкін. Бұл кезеңде ұсақ-түйекке деген сезімталдық артып, циклдің басқа уақытында мүлде назар аудартпайтын дүниелер тым маңызды болып көрінеді.

Почему перед менструациями мы вдруг перестаем себе нравиться?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Dina Morozova.

Өзіңізге көңіліңіз толмауының ең жиі кездесетін себептерінің бірі — ағзада сұйықтықтың іркілуі. Соның салдарынан бет домбыққандай, ал іш сәл дөңгеленгендей болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде бұл өзгерістер көбіне аса байқала бермейді, бірақ субъективті түрде әлдеқайда қатты сезіледі. Әсіресе бұған іштің кебуі, денедегі ауырлық сезімі мен жайсыздық қосылса, әсері күшейе түседі.

Бұл кезде терінің де жағдайы өзгеруі мүмкін. Көп әйелде етеккір алдында тері майының бөлінуі күшейеді. Соның салдарынан бет терісі майлырақ болып, тері тесіктері анық көрініп, қабынулар жиілеуі ықтимал. Тіпті осы кезеңде шыққан бір ғана күтпеген безеудің өзі әдеттегіден әлдеқайда қатты көңілге тиюі мүмкін. Мұнда мәселе тек сыртқы мінде емес, жалпы эмоционалдық фонға да байланысты.

Тағы бір маңызды фактор — психологиялық күй. Етеккір алдындағы күндері көптеген әйел мазасыздау, ашушаңдау әрі әлсіздеу күйге түседі. Кәдімгі күні еш әсер етпейтін нәрселер бұл кезде тым өткір қабылданады. Өзіңізге деген сын күшейіп, өзін-өзі бағалау уақытша төмендеуі мүмкін. Сондықтан мәселе көбіне сырт келбеттегі нақты өзгерістерде емес, мидың сол өзгерістерді қалай қабылдап, қалай түсіндіретінінде жатыр.

Почему перед менструациями мы вдруг перестаем себе нравиться?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Sorapop Udomsri.

Мамандардың айтуынша, бұл кезеңде кейбір қыз-келіншектерде өз денесіне көңіл толмау мен сырт келбетіне шамадан тыс назар аудару күшеюі мүмкін. Кейде бұл бәрі бірден нашарлап кеткендей сезіледі: тері де, шаш та, мүсін де, бет-әлпет те. Алайда, әдетте, етеккір басталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң бұл күй өздігінен басылып, адам өзін бұрынғыдай бейтарап немесе тіпті әдеттегіше жақсы қабылдай бастайды.

Сондықтан етеккірдің алдында асығыс шешім қабылдамаған дұрыс. Мысалы, қатаң диетаға отырмау, «өзгеріп кеткен дене» үшін өзіңізді кінәламау және тартымдылығыңыз туралы түбегейлі қорытынды жасамау маңызды. Көп жағдайда бұл — шынайы көрініс емес, гормондық ауытқулардың, шаршаудың және эмоциялық сезімталдықтың күшеюінен туындайтын уақытша әсер ғана.

Почему перед менструациями мы вдруг перестаем себе нравиться?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Prostock-studio.

Егер өзіңізді әр цикл сайын қатты жақтырмай қалу сезімі тым айқын болып, күнделікті өмірге кедергі келтірсе немесе көңіл күйдің күрт ауытқуымен қатар жүрсе, онда өз жағдайыңызға мұқият назар аударған жөн. Кейде кәдімгі ПМС-тің артында етеккір алдындағы симптомдардың анағұрлым ауыр түрі жасырынуы мүмкін. Мұндай жағдайда маманның кеңесіне жүгінген дұрыс.

Ал жалпы қорытынды өте қарапайым: егер етеккірдің алдында өзіңізді кенеттен бұрынғыдан тартымсыздау, толықтау немесе «біртүрлі» сезіне бастасаңыз, мәселе сізде емес — циклде болуы әбден мүмкін. Мұндай сәтте өзіңізге уақыт беріп, жай ғана осы кезеңнен өтіп кетуге мүмкіндік жасаңыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше