Әйелдер неге күйзеліс кезінде ұйқысыздыққа жиі ұшырайды?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Studio Romantic.

Әйелдер неге күйзеліс кезінде ұйқысыздыққа жиі ұшырайды?

24 апреля 2026

Өмірде белгісіздікке толы кезеңге тап болғанда, ағза мұны қауіп ретінде қабылдайды. Ал әйелдердің жүйке жүйесі мен гормоналдық жағдайы ерлерге қарағанда күйзеліске анағұрлым сезімтал келеді. Бұл дегеніміз — ұқсас жағдайларда әйелдер ғана ұйқының бұзылуына жиірек тап болады. Бұл туралы Harper’s BAZAAR Arabia басылымы жазады.

Дағдарыс кезеңінде әйелдердің ұйқысына әсер ететін негізгі себептердің бірі — кортизол гормоны. Күйзеліс кезінде оның деңгейі жоғарылап, ағзаны сергектік күйіне келтіреді. Алайда әйелдерде бұл гормон ағзадан баяуырақ шығарылады. Соның салдарынан мазасыздық пен ішкі шиеленіс ұзаққа созылып, ағза толыққанды демалыс режиміне өте алмайды.

Мұның үстіне, күйзеліс эстроген мен прогестерон деңгейінің тепе-теңдігіне де әсер етеді. Бұл гормондар ұйқы сапасымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, ұйықтауға көмектесетін мелатониннің бөлінуі де азаяды. Нәтижесінде ұйқыға кету қиындап, түнгі демалыс үстірт әрі мазасыз болуы мүмкін.

Почему кризис особенно влияет на женский сон?
Фото. Shutterstock.com. Автор. PeopleImages.

Психологиялық фактор да маңызды

Күйзеліс жағдайында әйел миы уайымға көбірек «байланып» қалады. Ойлар қайта-қайта айналып, күн ішінде болған оқиғаларды жібермей ұстап тұрады. Мұндай ішкі диалог миға тынығуға мүмкіндік бермейді, ал ағза ұйқыға көшуге дайын бола алмайды.

Дене де күйзелісті «есте сақтайды»

Шығыс тәжірибелері тұрғысынан қарағанда, дене, эмоция және сана — біртұтас жүйе. Ішкі қысым мен мазасыздық ұзақ уақыт бойы жиналса, ол денеде де сақталып қалады. Осындай ішкі ширығулар терең әрі сапалы ұйқыға кедергі келтіреді. Әсіресе ағза үнемі күйзеліс пен өмірдің жоғары ырғағынан шаршаған кезде бұл әсер күшейе түседі.

Мұндай жағдайда не істеуге болады?

Жағымды жаңалық — бұл жағдайға ықпал етуге болады. Ең тиімді тәсіл — кешенді көзқарас. Ұйқыға дейін кемінде екі сағат бұрын ағзаны біртіндеп тыныштыққа көшіру маңызды. Мысалы:

- баяу созылу жаттығулары;

- жеңіл әрі тыныш йога;

- тыныс алу жаттығулары;

- денені босаңсытатын кешкі әдеттер.

Осындай тәжірибелер күн бойы жиналған кернеуді азайтып, жүйке жүйесін тыныштандыруға көмектеседі. Әсіресе «ұзартылған дем шығару» техникасы өте тиімді. Бұл әдіс парасимпатикалық жүйке жүйесін белсендіреді. Яғни ағзаға: «қауіп жоқ, енді демалуға болады» деген белгі береді. Иә, дағдарыс кезеңдері әрдайым біздің бақылауымызда бола бермейді. Бірақ дәл осындай сәттерде өзімізге қалай қамқорлық жасайтынымыз — өмір сапасына, эмоционалдық күйімізге және ұйқымыздың сапасына тікелей әсер етеді.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше