«Мен өнерді тастап кете алмаймын». Соңғы кездері имиджін өзгертіп, басына орамал таққан Айдана Меденова шығармашылығы туралы оқырмандарына жауап берді. Әнші хиджап кигелі бері, жарнамалық келісімшарттардан бас тартқанын мойындады. Алайда, Айдана өнерді тоқтата алмаймын деп отыр. Себебі Меденова үшін өнер бала кезден армандаған хоббиі. Ал, Айдананың өнерін жалғастыруына күйеуі еш қарсылық танытпаған. Бірақ дегенмен әнші сахналық образы мен ән айту стилін өзгертпек.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram

Поделиться: