Ninety One тобының мүшесі ACE сүйіктісімен заңды некеге отырды. Музыкант сөз салу сәті мен құдалық тойдың эксклюзивті кадрларымен бөлісті
Фото. Instagram @acetagrammy.

Ninety One тобының мүшесі ACE сүйіктісімен заңды некеге отырды. Музыкант сөз салу сәті мен құдалық тойдың эксклюзивті кадрларымен бөлісті

Гүлдана Мұқан
18 августа 2025

Бұрынғы естелік – қазіргі тарих. Жақында ғана сүйіктісін көпшілікке таныстырған Азамат Ашмақын ғашығымен ресми некеге отырғанын жария етті. Сүрбойдақ өмірімен қоштасқан Ninety One тобының әншісі ACE сөз салған сәтін және құдалықтағы ерекше естеліктерін Instagram парақшасына жүктеді.

Өнерпаз ұзақ уақыт бойы жеке өмірін көпшіліктен жасырын ұстап келген. Еске салсақ, ол Нұрила есімді атқарушы продюсермен қарым-қатынаста екенін бұған дейін мәлімдеген еді. Ал олардың нақты қашан ресми түрде жанұя болғаны әзірге белгісіз.

Видео. Instagram @acetagrammy

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше